Об организации и проведении очередного призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы негізінде, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына, «Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 106 бұйрығына сәйкес жүзеге асыру мақсатында, 1989 жылы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу, сондай-ақ жасы жоғары жастағы әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған азаматтарды әскери бөлімдеріне жоспарлы және ұйымшылдықпен жіберу үшін, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атбасар қаласының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ММ) жанында азаматтардың медициналық куәландырылуын жүргізу үшін 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру кезеңінде шақыру учаскесі мен шақыру пункті мына мекен-жай бойынша ұйымдастырылсын: Атбасар қаласы, Л.Белаш көшесі, 52/1.
Тармақ 2
2. Азаматтардың шақырылуын жүргізу кезеңінде қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. «Атбасар қаласының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е. Тұрмановқа (келісім бойынша) 2007 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында шақыру комиссиясына азаматтардың шақыртылуын жүргізуді ұсыну.
Тармақ 4
4. «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» ММ Т.М. Махамбетоваға (келісім бойынша), «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының С.А. Аужановаға (келісім бойынша) бас дәрігерлеріне ұсыну:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігер мамандар мен орташа медицина қызметкерлерінің қажетті санын шақыру комиссиясының өкімімен бөлінсін;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысы бойынша шақырылушыларды куәландыру үшін Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнінде бірлескен бөлімінің шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды медициналық куәландыруға және қажетті тексерістің басқа түрлеріне ақысыз қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қаланың емдеу мекемелерінің стационарында шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылушылардың денсаулығы мен емделу жағдайын қосымша тексеру үшін резерв болуы;
Тармақ 5
5. Атбасар қаласы, селолар, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне, меншік түріне тәуелсіз оқу орындарының, шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларына:
Тармақша 1
1) іссапардан (демалыстан) шақырылушыларды шақыртуды, Атбасар қаласының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімімен белгіленген күндерде оларды шақыру комиссиясынан өткізу үшін шақыру пунктіне дер кезінде келуіне құлақтандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жедел әскери қызметке шақыруға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта шақыруға тиісті азаматтарды жұмыстан және оқудан босату;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік бөлуді қамтамасыз ету, адамдарды тасымалдау кезінде бақытсыз жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау.
Тармақ 6
6. Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М.Ж. Әбікеевке (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан қашатын түлғаларды жеткізу, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдеріне жіберу және кету кезінде қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етуді үсыну.
Тармақ 7
7. Жедел әскери қызметке азаматтарды шақыру бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды аудандық бюджеттің қаражаты есебінде жүзеге асыру.
Тармақ 8
8. «Атбасар қаласының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е. Тұрмановқа (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақырту қорытындылары туралы 2007 жылдың 3 шілдесіне және 2008 жылдың 4 қаңтарына әкімдікке ақпарат ұсыну.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялану шыққан күннен бастап іске қосылады.
Басқа 18. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Атбасар ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/87
қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Турманов Мырзағұл Ерғалиұлы - «Атбасар қаласының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Боброва Людмила Ивановна - аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Қалықов Жанат Жәкешұлы - Атбасар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Панасюра Светлана Александровна - «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының отоларинголог дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Палагенко Ирина Владимировна - «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» Мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлім медбикесі, хатшы (келісім бойынша)