О проведении призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу весной и осенью 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Жарлығына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына әскерге шақырылу күні 18-27 жасқа толған және әскери қызметке шақырылудан босатылу мен кейінге қалдыру құқығы жоқ, сондай-ақ, шақырылудан кейінге қалдыру құқығы жойылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. №1 қосымшаға сәйкес әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. №2 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының мүшелері ауырып қалған және басқа да себептермен болмай қалған жағдайда қалалық шақыру комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. №3 қосымшаға сәйкес медициналық комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаменті Жезқазған аймақтық өкілдігіне (Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әскерге шақыру комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде медициналық, комиссия мүшелерінің жұмыс орындарының сақталуын және медициналық комиссия мүщелерінің жұмыс орындарының сақталуын және медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен, құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Жезқазған қаласы қаржы бөлімінің меңгерушісіне (Байқасынов Айып Асылханұлы), «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде 2007 жылдың көктемі мен күзінде әскерге шақыруды өткізуге байланысты шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 7
7. Қалалық ішкі істер басқармасына (Бөлекбаев Берік Сейтханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына сәйкес:
Тармақша 1
1) әскери міндеттілікті атқарудан бұлтарған адамдарды іздестіріп, жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ұсталған немесе тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы деректерді белгіленген мерзімде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Қалалық білім бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушыға (Төлендина Зоя Майлыбайқызы), қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісіне (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қарамағына қажетті техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 9
9. Талап (Ниязбеков Марат Әбдікәрімұлы), Кеңгір (Сүттібаева Назикүл Сейтқалиқызы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қалалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақырылғаны туралы хабарлап, Жезқазған қаласының шақыру комиссиясына келуін және оларды Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жұктелсін.
Келісілді:
Қаланың қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының бастығы
Ахатов Манас Олжабайұлы
20.04.2007ж.
Қалалық ішкі істер
басқармасының бастығы
Бөлекбаев Берік Сейтханұлы
20.04.2007ж.
Қалалық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Байқасынов Айып Асылханұлы
20.04.2007ж.
Қарағанды облыстық денсаулық
сақтау департаментінің
аймақтық өкілдігінің бастығы
Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы
20.04.2007ж.
қалалық еңбекпен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы
20.04.2007ж.
Қалалық білім
бөлімі меңгерушісінің
міндетін атқарушы
Төлендина Зоя Майлыбайқызы
20.04.2007ж.
Басқа 14. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2007
жылғы «19» сәуірдегі №351/4
қаулысына №1 қосымша
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Ахатов Манас Олжабайұлы – Жезқазған қаласы қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
бастығы, комиссия төрағасы
Филиппович Станислав Валентинович - Жезқазған қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Әбенов Абдынасыр Молдабайұлы – Жезқазған қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының орынбасары
Мұқанов Амангельді Мұқанұлы – жүйке-тамыр дәрігері, қалалық
медициналық комиссия төрағасы
Осипчук Валентина Павловна – медбибі, әскерге шақыру
комиссиясының хатшысы
Басқа 15. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2007
жылғы «19» сәуірдегі №351/4
қаулысына №2 қосымша
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы
Шамбұлов Әділхан Құрманұлы - Жезқазған қаласы қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы бастығының
орынбасары, комиссия төрағасы
Балқыбаев Зауытқали Әбдірәсімұлы - Жезқазған қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Мүхамедканов Марат Мұхтарұлы - Жезқазған қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының орынбасары
Михальченко Марина Михайловна – терапевт-дәрігері, қалалық
медициналық комиссия төрағасы
Титова Ирина Анатольевна - медбибі, әскерге шақыру
комиссиясының хатшысы
Басқа 16. Медициналық комиссия құрамы
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2007
жылғы «19» сәуірдегі №351/4
қаулысына №3 қосымша
Медициналық комиссия құрамы
Тармақ 1
1. Жүйке – тамыр дәрігері, комиссия төрағасы - Мұқанов Амангельді Мұқанұлы
Тармақ 2
2. Оташы (хирург) – Кулиев Равщан Шамил-оглы
Тармақ 3
3. Тіс дәрігері – Ладурко Раиса Денисовна
Тармақ 4
4. Көз дәрігері – Мұстафина Гулниса Шәкімұратқызы
Тармақ 5
5. Терапевт - Михальченко Марина Михайловна
Тармақ 6
6. Тері аурулары дәрігері – Оспанова Гүлдар Оспанқызы
Тармақ 7
7. Дәрігер отоларинголог – Нұржанова Гүлмира Серікқызы
Тармақ 8
8. Дәрігер психиатр – Слепцова Людмила Михайловна
Тармақ 9
9. Дәрігер фтизиатр – Мелымко Елена Ивановна
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы - Осипчук Валентина Павловна
Тармақ 11
11. Орта медициналық персонал – 4 адам