1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 8 шілде 2005 жылғы № 74 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 17 сәуір 2007 жылғы № 318 Жарлығына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысына сәйкес және 2007 жылғы көктемде (сәуір және маусым айларында), күзде (қазан және желтоқсан айларында) әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округ әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (Б.Нұржауов, келісім бойынша) аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. 2007 жылғы көктемгі және күзгі шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысына басшылық және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын: Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы аудандық қорганыс істері жөніндегі біріккен бөлім бастығы, комиссия төрағасы; Сүлейман Ержан Әшімұлы аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасының орынбасары; Қаратаев Ержан Жұбайханұлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі; Жапалов Ертіс Бердірахманұлы аудандық орталық емхана хирургі комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрағасы; Исакова Назгүл Мейрамғалиқызы аудандық орталық емхана фельдшері, шақыру комиссиясының хатшысы.
Тармақ 4
4. Ауыл әкімдері шақыруды өткізу үшін жастардың ұйымшылдықпен келуі жөнінде шаралар қабылдасын. Ауылдық округ әкімі айпаратының жетекші мамандары аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне өздері тікелей басшылыққа ала отырып, әскерге шақырылған азаматтарды дер кезінде жеткізсін және әр дүйсенбі сайын әскерге шақырылған азаматтар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне мәлімдеме жасасын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (О. Өтепов, келісім бойынша) ауылдық округтердегі шақырудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру мен шақыру пунктінде тәртіп сақтау мақсатында наряд бөлуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық емхана мекемесі (Қ.Битенова, келісім бойынша) тұрақты жұмыс істейтін аудандық медициналық комиссияның жұмысын мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландыру сапасын бақылауға алсын. Аудандық шақыру комиссиясын дәрігер мамандармен және орташа медицина қызметкерлерімен толықтыру жөнінде шаралар .колдансын. Шақырушылар флюрографиялық, әлектрокардиологиялық, басқа зерттеулермен аудандық орталық емхана есебінен толық қамтамасыз етілсін. Аудандық емдеу мекемесінде шақырушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін. Шақыру кезінде қажетті зерттеушілерді қабылдау, шақырушыларды зерттеу және емдеу қаражаттары нақты пайдалану бойынша аудандық бюджет есебінен жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Ауданның қаржы бөлімі (А.Асқатов) қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімімен бірге әскерге шақырылғандарды жіберу үшін және осы шараларды ұйымдастыруға байланысты шығындарды аудандық бюджет есебінен қаржыларды жүргізсін.
Тармақ 8
8. Абай ауданының түрғындарына 2007 жылғы көктемде және күзде әскерге шақырылу шараларының басталғандығы жайлы хабарландыруды баспасөзде жариялау ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Екібаевқа тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 29 наурыз 2006 жылғы № 965 санды «1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (мемлекеттік тіркеуден 10.05.2006 жылы № 5-5-25 өткен, «Абай елі» газеті № 2 (002) 15-30 қыркүйек 2006 жылы жарияланған) қаулысының, аудан әкімдігінің 25 қыркүйек 2006 жылғы № 1102 санды «Аудан әкімдігінің 29 наурыз 2006 жылғы № 965 санды «1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы қаулысының 3 тармағына өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеуден 03.11.2006 жылы № 5-5-40 өткен, «Абай елі» газеті № 5 (005) 1-15 қараша 2006 жылы жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Сүлейменге жүктелсін
Тармақ 11
11. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы, майор Б.Нұржауов «23» 04 2007.ж. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, подполковников О.Өтепов «24» 04 2007 ж. Аудандық орталық, емхананың бас дәрігері Қ.Битенова «23» 04 2007.ж.
Басқа 12. Шақыру комиссиясының жумыс кестесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы«31» 04 № 151 қаулысына қосымша Шақыру комиссиясының жумыс кестесі Күзде Көктемде Аппарат басшысы М. Белібаев