1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу турады Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу турады Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 22, 23 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгілеген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Ахметкалиев (келісім бойынша) 1980-1989 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (№1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды «Жарма ауданының орталық ауруханасы» КҚМҚ бас дәрігері Т. Брынзова (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медицииалық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман- дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлсін;
Тармақша 2
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстасын;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы №117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 бірлескен бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес қажетті мөлшерле медициналық aспаптармен. мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұктаж шақырылушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 5
5. Селолық округтер, кенттер және Шар қаласының әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақ 6
6. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы А.Өмірзақов (келісім бойынша): ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2007 жылғы 1-ші сәуірден техникалық жұмысшыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмыска жолдасын;
Тармақ 7
7. Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңың орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Қаулы ресми жарияланған күнінен күшіне енеді. Келісілді: Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М. Ахметкалиев Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаев Жарма ауданының орталық ауруханасы Коммуналды қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Т. Брынзова
Басқа 15. 1980-1989 жылы туған азаматтарды әскерғе шақыру жүргізу жөніндеғі Аудандық комиссияның құрамы
Жарма ауданы әкімдігінің 2007 жылғы « 18 » сәуірдегі № 69 қаулысына 1 -қосымша 1980-1989 жылы туған азаматтарды әскерғе шақыру жүргізу жөніндеғі Аудандық комиссияның құрамы 1. Мират Айыпказыұлы Ахметқалиев -ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы,комиссия төрағасы (келісім бойынша) 2. Қыдыр Рауаянұлы Балтабаев -ішқі саясат бөлімінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша). Комиссия мүшелері: 3. Ерболат Қинашұлы Айдаболов -ауданның ішкі істербөлімі бастығының орынбасары(келісім бойынша) 4. Шайза Рафағатқызы Дайырова -ауданның орталық аурухананың аға дәрігері (келісім бойынша) 5. Айжан Қасымбайкызы Ахметова - ауданның орталық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша). Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы: М.Ахметқалиев