Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағын, 20 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Ескелді ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 30.04.2007 г. № 119 (Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)
1. Әскерге шақыру орнын ұйымдастыру мына мекен-жайда жүргізіледі: Қарабұлақ кенті, Құрылысшылар көшeci 13 үй, аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі.
2. Әскерге шақыру комиссиясының құрамы төмендегідей құрылсын:
1 )Тоқпаев Жанатай Мұқашаұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы, подполковник;
2)Жирғабаев Сәрсенбек Исатайұлы- комиссия төрағасының орынбасары,
аудандық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі жұмыстар бойынша бас маман;
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
3) Бейсбеков Fабит Үрімұлы- аудандық ішкі icтep бөлімі бастығының
орынбасары, полиция подполковнигі;
4)Зонов сергей Федорович-аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы;
5)Бабакумарова Әльмира- комиссия хатшысы;
3. Ескелді аудандық орталық ауруханасы (Албаков И.Н. келісім бойынша) қажетті мөлшерде әскерге шақыру комиссиясына азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында білікті дәрігер мамандар және орта буындағы медициналық қызметкерлерінің бөлінуі қарастырылсын (қосымша).
4. Кент және ауылдық, округ әкімдері әскерге шақырушыларға шақыру қағазын табыс етіп, олардың міндетті түрде аудандық қорғаныс icтepi бөліміне келуін, оларды дер кезінде шақыру пунктіне (орнына) жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Ескелді ауданының iшкі icтep бөлімі (Б.Қ.Сембаев) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шығарып салу кезенінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптік сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Ескелді аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырущылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.
6. Аудандық қаржы бөлімі (Е.М.Бейсеқұлова) осы шараларды ұйымдастыру үшін қаражат бөлінуін қарастырсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді ауданы Әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 1980- 1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»
№ 119 қаулысына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Қорғаныс күштерінің 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазаң-желтоқсан аралығында әскерге шақырылғандардың медициналық тексеруден өткізу жөніндегі
КОМИССИЯ ҚҰPAMЫ
Комиссия төрағасы – Зонов Сергей Федоров
Рет
Hегізгі құрамы
1
Терапевт
Мамырова Гулнар Мәхамбеткызы
2
Хирург
Зонов Сергей Федорович
3
Окулист
Мейрбекова Шолпан Балтабековна
4
Отоларинголог
Матвеянов Валентин Иванович
5
Дерматолог
Ңелишев Игорь Павлович
6
Стоматолог
Уалелов Нурбек
7
Неврапатолог
Таугозова Айгуль Жақсылыққызы
8
Психиатр
Им Галина Владимировна
9
Фтизиатр
Колесникова Любовь Михайловна
10
Мед.комиссия хатшысы
Бабакумарова Әльмира
11
Мед.бикелер (5 адам)
Кузнеңова Елена
Султаналиева Маржан
Мищенко Валентина
Бабакумарова Әльмира
Калыбаева Жазира