Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке 1980-1989 жылдарда туылған азаматтардың кезекті шақыруын өткізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 9, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген жедел әскери қызметкерлерін босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке 2007 жылғы сәуір-мамырда, қазан-желтоқсанда шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы қорғаныс істері бойынша министрінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 106 «Жедел әскери қызметкерлерін босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке 2007 жылғы сәуір-мамырда, қазан-желтоқсанда шақыру туралы» Бұйрығына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке 1980-1989 жылдарында туылған ер азаматтардың кезекті шақыруын өткізу үшін Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекеменің жанында әскерге шақыру учаскесі мен медициналық қарауын өткізу үшін әскерге шақыру мекені Державинск қаласы, ДЭУ-47 поселкісі мекен жайы бойынша ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтардың әскерге шақыру кезеңіне аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарымен қатаң басшылық етсін.
Тармақ 4
4. «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі мемлекеттік мекеме бастығына (келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыруын 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында өткізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық әскерге шақыру комиссиясына әскерге шақырылушылардың уақытында келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру, стационарлық тексеріліс, емделу уақытында әскерге шақырушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 6
6. Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының сәйкестігімен төмендегілер міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясының өкіміне әскерге шакырылушылардың медициналық қарауын өткізу үшін үй-жай бөлінсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы №226 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес әскерге шақыру мекені қажетті құрал-жабдықтарымен, медициналык және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) мерзімнен тыс әскери қызметке азаматтарды шақыру өткізілген соң және емделуге мұқтаж әскерге шақырылушылардың тізімдері «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ұсынымынан соң, азаматтардың кезекті шақыруына дейін емдеу мекемелеріне орнықтырылсын және олардың ем алуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) төмендегілер ұсынылсын:
Тармақша 1
1) «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тергеу немесе жазасын өтіп жүрген әскерге шақырылушылар туралы ақпарат берсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру кезеңінде және оларды жіберу кезінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырудан қашып жүрген тұлғаларды іздестіру уақытында қамтамасыз етілсін. Аудандық әскерге шақыру комиссиясына келмеген тұлғалардың міндетті түрде жеткізілуіне ауылдық округ әкімдеріне жәрдем берілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы 2007 жылдың 31 наурыздан бастап қалыптасқан құқық қатынастарында таратылады.
Тармақ 10
10. Осы қаулы Жарқайың аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сон заңды күшіне енеді және жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 19. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «14» 05 № А-5/2449
қаулысына қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Ділдібаев Дулат Бакірұлы Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Әлжанов Асылхан Қапашұлы Жарқайың ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Кәкімов Санаржан Шәбденбайұлы Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Ғазезов Кемелбай Ғазезұлы Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің хирургі, комиссияның аға дәрігері (келісім бойынша)
Лепушенко Алевтина Петровна Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің медициналық санақшысы, комиссия хатшысы (келісім бойынша)