Об организации очередного призыва граждан 1980 - 1989 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, шақырудан қалдыру мерзімі өткен 1989 жылы туылған азаматтарды мерзімді әсери қызметке шақыруды жоспарлы өткізу және әскери бөлімдерге жөнелтуді ұйымдасқан түрде өткізу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығы мәліметке алынсын, Егіндікөл ауданының аумағындағы 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Егіндікөл аудандық емханасында әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді кезекті әскерге шақыруды жүргізу үшін № 1 қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
Тармақша 1
1) Комиссия мүшелерінің ауыруына, басқа да себептерге байланысты болмауы жағдайына, № 2 қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін.
Тармақша 2
2) Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін медициналық комиссия құрылсын. Ауданда психиатр-дәрігердің, невропатолог-дәрігердің болмауына байланысты, психиатр, невропатолог дәрігерлердің медициналық комиссия құрамында Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің жолдамасымен жұмыс істейтіні ескерілсін.
Тармақ 4
4. Егіндікөл аудандық емханасының бас дәрігеріне:
Тармақша 1
1) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімнің қарамағына азаматтарды куәландыру үшін қажетті дәрігер-мамандар мен орта медициналық персонал бөлу;
Тармақша 2
2) Егіндікөл орталық аудандық ауруханасында Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімнің жолдамасымен келген азаматтарды қосымша тексеруден өткізу үшін кереует резервтері болсын. Қосымша тексеру Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі белгілеген мерзімде, акті құрылу арқылы өткізу;
Тармақша 3
3) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімінің жоспарына сәйкес әскерге шақырылуға жататын азаматтардың ауданның емдеу-алдын алу мекемелері арқылы кеуде клеткасын флюорографиялық (рентгеноскопия), жүректің электрокардиограммасын және барлық анализдерін тапсыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) медициналық куәландыру кезінде тіс аурларын емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың ауыз қуысын емдеуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
Тармақша 5
5) медициналық куәландыру өткеннен соң, Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі Егіндікөл аудандық емханасына, емдеу-алдын алу мекемелеріне бекіту және емдеу жүргізу үшін емдеуге мұқтаж әскерге шақырылушылардың тізімін тапсырсын.
Тармақ 5
5. Әскерге шақыру және медициналық комиссияның жұмыс күні 9.00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жоспарлансын.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымдарының және меншік түріне қарамай барлық ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды хабардар етсін және уақытында әскерге шақыру пунктіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметке шақырылған әскерге шақырылушылармен толық есеп айырыссын.
Тармақ 7
7. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру қағаздарын тапсыруды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлері есебінен әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру пунктіне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін;
Тармақша 3
3) ауданның елді мекендерінен әскерге шақырылушыларды Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөліміне аттандыру кезінде тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қолдансын.
Тармақ 8
8. Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына:
Тармақша 1
1) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімді тергеуде жүрген, бұрын сотталған, жазасын өтеп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабардар ету; әскерге шақыру пунктінде және бөлімдерге жіберу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясына және бөлімдерге аттандыруға келмеген әскерге шақырылушыларға іздеу жүргізу;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды тасуға бөлінген көліктің техникалық жағдайын тексеру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Әскерге шақырылу іс-шараларын орындауға байланысты шығыстар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 10
10. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарында орташа жалақысы сақталсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 28
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № а-5/136 қаулысына № 1 қосымша АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Әубәкіров Әділхан Исаходжаұлы - Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Ысқақова Жанат Советқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Ыдырысов Берік Қылышбайұлы – Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Лебига Татьяна Андреевна – Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша) Пистоль Римма Аркадьевна - Егіндікөл аудандық емхананың медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 29
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамардағы № а-5/136 қаулысына № 2 қосымша АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВТІК ҚҰРАМЫ Ильдетаев Мұхамед Зейнұрұлы - Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Қозғамбаев Таласпай Нұрмағанбетұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Құсайынов Сұлтан Қазбекұлы – Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие және кадрлық жұмыс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) Ахметова Балқия Насырқызы – Егіндікөл аудандық есмханасының дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Деменковец Валентина Николаевна - Егіндікөл аудандық есмханасының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)