О проведении весеннего призыва граждан Республики Казахстан 1980-1989 годов рождения на военную службу в 2007 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы 1980-1989 жылдары туған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке көктемгі шақыруды жүргізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің 17 сәуірдегі 2007 жылғы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір -маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметтке шақыру» туралы № 318 Жарлығына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы сәуірден- маусымға дейін Қаражал қаласының, Жәйрем, Ақтоғай, Шалғы кенттерінің аумағында 1980-1989 жылдары туған әскерге шақырылуы кейінге қалдырылу немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 4- тармағына сәйкес 2007 жылғы 2- сәуірден бастап меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және оқу орындарының, тұрғын үй пайдалану ұйымдарының және үй басқармаларының басшылары 1980-1989 жылдары туған әскерге шақырылушыларды іссапарлардан және демалыстардан кері шақырып алсын, алдағы болатын шақыру туралы хабарлап және шақыру учаскесіне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабының 1- тармағы негізінде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай құрамда шақыру комиссиясы құрылсын: Әлмағамбетов Аманғазы Нүркенұлы Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы; Шапкова Галина Александровна Ұйымдастыру кадрлық жұмыстар және іс -қағаздарды жүргізу бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ Мыңжанов Қару Сүлейменұлы Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары; Артықбаев Рашид Жамбырбайұлы Оташы -дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы; Пушканова Наталья Владимировна Медбибі, шақыру комиссиясының хатшысы
Тармақ 4
4. Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынының «Орталық ауруханасының» бас дәрігері - (Р.К. Нанбаева келісім бойынша) мынадай құрамда медициналық комиссия құрсын: Артықбаев Рашид Жамбырбайұлы Оташы -дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы; Қабылов Асан Құлтайұлы Психиатр - дәрігер; Нанбаева Рабиға Қаражарқызы окулист- дәрігер; Еркубаев Жақан Ерубайұлы лор- дәрігер Мұқанова Лариса Сәбитқызы дерматолог- дәрігер Мүсүлманбекова Бағдат Жұмкенқызы терапевт- дәрігер Корнюшина Наталья Владимировна фтизиатр- дәрігер Ысқакова Азина Түсейқызы стоматолог- дәрігер Дәрменова Клемкул Найзабекқызы невропатолог- дәрігер Медициналық комиссияның өтеуін қамтамасыз ету үшін медбибілер: Аймагамбетова Розалия Кеңесқызы Әбілдинова Салтанат Бекманқызы Кочетова Антонина Савовна Тулеубаева Күлзат Жұбанышқызы Машина Елена Алексеевна Орынбаева Айнур Исақызы Әбенова Салтанат Балтабайқызы Сейсенбаева Күлпаш Дмитриева Ольга Степановна Иманбаева Шынаркул Амангелдіқызы Серикова Сақып Сайлаубайқызы Әскерге шақырылушылардың медициналық комиссиясы «Орталық ауруханасы» Коммуналдық Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорынында ұйымдастырып, өткізу бас дәрігер Р.Қ. Нанбаеваға келісім бойынша жүктелсін.
Тармақ 1
1. Медициналық комиссияны қажетті дәрігерлік құралдармен, дәрігерлік және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Медициналық комиссияның өткізілу кезеңінде маман -дәрігерлерді және медициналық бибілерді негізгі жұмыс орындары бойынша лауазымы мен жалақысын сақтай отырып атқаратын міндеттерінен босатсын.
Тармақ 3
3. «Орталық аурухана» Коммуналдық Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорынына Қаражал қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жолдамасымен келген барлық әскерге шақырылушыларға кеуде клеткасы органдарының флюорографиясын, несеп, қан анализдерін өткізіп, қан тобын және тиесілілік резусын анықтап берсін, ал жөнелту командасына енгізілгендерге жергілікті бюджет қаржыларының есебінен электрокардиограмма жасап берсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыру комиссиясына, облыстық жиын пунктіне жөнелтуге уақытылы келуін ұйымдастыру және бақылау үшін, сондай - ақ шақыру комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарып жүрген әскерге шақырылушыларды жеткізу үшін мынадай құрамда іздестіру тобы құрылсын: Исабаев Серік Қабдаллаұлы Келісім- шарт бойынша және әскери қатарына шақырылу бөлімшесінің бастығы, іздестіру тобының төрағасы. Қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері: Сәрсекеев Болат Балғамбайұлы Қалалық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығының міндеттін атқарушы; Есенбеков Нұрым Рахымбаевич Қалалық ішкі істер бөлімінің кылмыстық полиция іздестіру бөлімшісінің бастығы
Тармақ 6
6. Шақыру және медициналық комиссиялардың күндер мен айлар бойынша жұмыс кестесі бекітілсін (№ 1 қосымшаға).
Тармақ 7
7. Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қ.И.Әпеков келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18- бабының 3-тармағына сәйкес участкелік қызметтердің күшімен Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне есепке түрмаған, бірақ Қаражал қаласында, Жәйрем, Ақтогай, Шалғы кенттерінде тұратын әскерге шақырушыларды тексеруді жүргізсін. Шақыру комиссиясын өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіптің сақталуы үшін шақыру участкесіне тәртіпті және жауапты участкелік инспекторлар бөлсін. Әскерге шақырушыларды облыстық жиын пунктіне жөнелту кезеңінде Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің аумағында және «Қаражал» стансасының теміржол вокзалында тәртіпсіздік пен мүліктің бүлінуін болдырмау үшін қадағалау патрульдерін ұйымдастырсын. 10 адамнан асатын командаларды жөнелту кезінде полиция қызметкерлерінің қатарынан жауапты қызметкер бөлінсін.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18- бабының 3-тармағы негізінде Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кезекті шақырылуға жататын, шақырылуы кейінге қалдыруға құқығы жоқ әскерге шақырылу жасындағы азаматтардың 100% келуін қамтамасыз етсін. Келмеген жағдайда келмегендерді Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізу үшін жергілікті участкелік инспекторларды тарта отырып, тұратын жерлері бойынша іздестіруді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. «Жұмыспен қамту және ілеуметтік бағдармалар бөлімінің» Мемлекеттік Мекемесінің бастығы (Н.Н.Гармашова) шақыру жұмыстарын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қарамағына қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды бөліп берсін:
Тармақша 1
1) техникалық қызметкер – 2 адам,
Тармақша 2
2) курьер -2 адам Жәйрем кентінің әскери есеп үстелінің бастығы үшін:
Тармақша 3
3) техникалық қызметкер – 2 адам
Тармақша 4
4) курьер -1 адам
Тармақ 10
10. Шалғы кентінің әкімі әскерге шақырылушылардың Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. 1980-1989 жылдары туған Қазақстан Республикасы азаматарын әскерге шақыруды жүргізудің қорытындылары 2007 жылғы 30 маусым дейін Қаражал қаласының әкіміне баяндалатын болсын.
Тармақ 12
12. Қаражал қаласының әкімдігінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 245 « 2006 жылы 1979-1988 жылдары туған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке күзгі шақыруды жүргізу туралы» қаулысы, 2006 жылғы 22 қарашадағы мемлекеттік тіркеу нөмері 8-5-26 күші жойылды деп саналсын
Тармақ 13
13. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қала әкімінің орынбасары А.Құрмансейтовқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы ______________________А.Әлмағамбетов 2007ж. 04. 05 Ішкі істер бөлімінің бастығы ______________ Қ. Апеков 2007ж. 04. 05 «Орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері _________________Р. Нанбаева 2007 ж. 04. 05
Басқа 1. 2007 жылғы көктемгі шақыру комиссиясының медициналық комиссия өткізу К Е С Т Е С І
Қосымша № 1 Бекітілді Қаражал қаласы әкімінің қаулысы № 392 05. 05. 2007 ж 2007 жылғы көктемгі шақыру комиссиясының медициналық комиссия өткізу К Е С Т Е С І Кенттер атауы өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна. Жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 02 04 03 04 04 04 05 04 06 04 09 04 10 04 11 04 12 04 13 04 16 04 17 04 18 04 Қаражал 25 25 25 25 25 25 25 25 Жәйрем 25 25 25 25 25 Шалғы Ақтай Жалпы саны 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна. Жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 19 04 23 04 24 04 25 04 26 04 30 04 02 05 03 05 04 05 07 05 08 05 10 05 11 05 14 05 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 Кенттер атауы өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна. Жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 16 05 17 05 18 05 21 05 22 05 23 05 24 05 25 05 28 05 29 05 30 05 31 05 01 06 04 06 05 06 06 06 Қаражал 25 25 25 25 25 25 25 25 Жәйрем 25 25 25 25 25 25 25 25 Шалғы Ақтай Жалпы саны 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна. Жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 07 06 11 06 12 06 13 06 14 06 15 06 18 06 19 06 20 06 21 06 22 06 23 06 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25