Индер аумағында тұратын 1980-1989 жылдары туылған ер азамматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Индер аумағында тұратын 1980-1989 жылдары туылған ер азамматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III « Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,23 баптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 17 сәуірінде шығарған «Белгіленген әскери қыззмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанындакезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығын іске асыру мақсатында және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабынбасшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Индер ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа дейін ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру басшылық жасау және бақылау үшін аудандық шақыру комиссияы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестелері бекітілсін (3,4 қосымша).
Тармақ 5
5. Аудандық емхана (келісім бойынша), аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша):
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.