Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23-бабының 1-тармағы және 20-бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 шілдедегі № 623 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы ___________ «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату және Қазақстан Республикасыңың азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № ___ Жарлығына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы от 11.03.2007 г. № 3-1112 (Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы)
1. 2007 жылгы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан аралығында 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, № 30 мекен-жайында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
2. Селолық округ әкімдері:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырушыларға шақыру қағазы тапсырылсын және көрсетілген күнге аудандық қорғаныс бөліміне шақыру комиссиясына келуді қамтамасыз етсін;
2) шақырушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін қажетті көлікпен қамтамасыз етілсін. Шақырушыларды тасу кезінде алдын-ала сақтаңдырылу шаралары қолдансын;
3) шақыру пунктіне жіберер алдында шақырушылардың арнайы шакыру қағазында көрсетілген қажетгі құжаттары
3. «Іле ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Бақытгүл Ескендірқызы Тұрсынмұратова):
1) шақыру комиссиясьшың өкіміне сәйкес, әскерге шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін білікті дәрігер-мамандармен және орта медициналық қызметшілерді бөлу ұсынылсын (1 қосымша тіркелген);
2) аудандық емдеу мекемесі арқылы кеуде клеткасы органдарының флюрографиясын, электрокардиограмма және басқа дәрігерлік тексеруді 2007 жылғы көктемгі, күзгі жоспарга сәйкес тегін тексерілуін қамтамасыз етсін;
3) әскерге шақырушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп ауруханада кем дегенде бес төсектің бөлінуі ескертілсін;
4) әскери-дәрігерлік комиссияны керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін,
5) азаматтарды мерзімділік әскери қызметке шақыру өткізілгеннен кейін және аудандық қорғаныс бөлімінің ұсынған тізімімен емделуді қажет ететіндерді, емдеу үшін аудандық емдеу мекемелеріне бекіту және келесі кезекті шақыруға дейін емдеумен қамтамасыз етсін.
4. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығына (Қазербаев Данияр Қамалбекұлы):
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру мен үстауды жүзеге асырсын;
2) әскерге шақырушылардың әскери бөлімге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақтауын қамтамасыз ету тапсырылсын.
5. Аудандық шақыру комиссиясының қызметіне басшылық ету жөне бақылау жасау үшін шақыру комиссиясының құрамы құрылсын:
Әшірбаев Нұрғанат Өксіханұлы
комиссия төрағасы Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Огнев Владимир Маркович
комиссия төрағасының орынбасары Іле аудандық құрылыс ісінің бас маманы
Құштыбаев Марат Әлімқұлұлы
Іле аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары
Дауылбаева Қатира Арапқызы
дәрігер, медициналық комиссиясының төрайымы
Камекова Гуля Қасабекқызы
мейірбике, комиссия хатшысы
6. Мекеме, ұйым басшылары аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін техникалық жүмысшылармен қамтамасыз етсін.(2 қосымша тіркелген)
7. Аудандык шақыру комиссиясы өз тәжірибелік жүмысьнда Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23,27,28 бабтарының талаптары қатал басшылыққа алынсын.
8. Аудандық қорғаныс істері жөніңдегі бөлім бастығы қатарына шақырудың қорытындысы мен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне хабардар етсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
10. Алматы облысы Іле аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 03 тамыздағы № 8-3355 «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-жел тоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» қаулысынын күші жойылсын.
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«___»_____ 2007 ж.
«___»_____ 2007 ж.
«___»_____ 2007 ж.
Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан -желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы аудан әкімдігінің 11 наурыз 2007жылғы
№ 3-1112 қаулысына 1 қосымша
2007 жылдың көктем және күз айларында келісім бойынша әскерге шақыру кезінде Іле аудаңдық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, қызмет көрсету персоналдарын, техникалық қызметкерлер бөлетін
мекемелер тізімі
Рет
саны
Мекемелер
Шығу мерзімі
Қызмет. саны
1
№ 7 орта мектебі
05.03 - 30.03 01.10-31.10
1
2
№ 9 орта мектебі
02.04 - 30.04 01.11 -30.11
1
3
№ 13 орта мектебі
02.04 - 30.04 01.11 30.11
1
4
№ 38 орта мектебі
02.04 - 30.04 01.10-31.10
1
5
Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
02.04 - 30.06 01.10-31.12
15
Барлығы
19
Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы аудан әкімдігінің «11» наурыз 2007 жылғы № 3-1112 қаулысына 2 қосымша
2007 жылы көктем жөне күз айларында шақыруға жататын әскери міндеттілерді тексеру жөніндегі медициналық комиссия қүрамы:
Дауылбаева Қатира Араповна
медициналық комиссия төрайымы
Тантатаров Ізбасар Айымбетұлы
дәрігер хирург
Құмарбаева Жаңылхан Алходжақызы
дәрігер отоларинголог
Бердібекова Зукура Мыңжасарқызы
дәрігер невропатолог
Сүлейменова Сәуле Абылхайдарқызы
дәрігер психиатр
Байсақалова Гүлнар Сұлтанбайқызы
дәрігер стоматолог
Сүлейменова Гүлнар Нығметқызы
дәрігер окулист
Алтынбаев Ербол Төлепбергенұлы
дәрігер терапевт
Манапов Қаныбек Момбекұлы
дәрігер дерматолог
Өзбекова Гүлнар Оразбекқызы
дәрігер фтизиатр
Комекова Гүля Касабекқызы
медициналық комиссия хатшысы