1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір – маусым айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір – маусым айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» № 74 Заңына Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімі әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді жедел әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығына, 2007 жылғы 26 сәуірдегі облыс әкімдігінің 2007 жылдың 3 мамырына № 3088 Мемлекеттік тіркеу нөмірлі «2007 жылғы сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» № 113/5 қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданының 2007 жылдың сәуір – маусым айларындағы жедел әскери қызметке шақыруды уақытында ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір – маусымда 1980 - 1989 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды Лебяжі ауданы қорғаныс істері Бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1980 - 1989 туған азаматтардың Лебяжі ауданы қорғаныс істері Бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуі, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарайтын дәрежесін анықтау, иеленген мамандығы мен дене дайындығын белгілеу мақсатында өткізілсін.
Тармақ 3
3. 1980 - 1989 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданы қорғаныс істері Бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауылдық округ және ауыл әкімдері:
Тармақша 1
1) 2007 жылдың сәуір – маусым айларында кестеге сәйкес жас жігіттердің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес медициналық қаралудан үшін. Шақыру комиссияның кестесіне сәйкес. Әскери қызметке шақырылған жас жігіттерді автокөлікпен жеткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Бұрын қабылданған 2007 жылғы 27 сәуірдегі аудан әкімдігінің «1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір – маусым айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» № 83/5 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім ресми жарияланған бастап күшіне енсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.