Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан 1980-1989 годов рождения в апреле - июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттеме және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Анықталған мерзімде әскери қызметін атқарған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерінің запасқа босатылуы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабының 8 тармағының 1 тармақшасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуын уақытылы, ұйымшыл және сапалы өткізу мақсатында Целиноград ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының 1980-1989 жылы туған ер жынысты азаматтарын әскери қызметке 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын (тіркеме)
Тармақ 3
3. Он сегіз бен жиырма жеті жасқа дейінгі әскерге шақырушыларды медициналық тексерістен өткізілуін аудандық әскерге шақыру комиссиясы жүргізсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Скрипко В.М.) 2007 жылға қарастырылған аудан бюджеті көлемінен әскерге шақыру жұмыстарының уақытылы қаржыландырылуы қамтамасыз етілсін.
Целиноград аймақтық клиникалық емханасы И.В.(Юрьеваға, келісім бойынша)
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексерістен өткізу үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясы білікті дәрігер - мамандар және орта медициналық қызметкерлерінен құрастырылсын.
Тармақша 2
2) Аудандық әскерге шақыру пункті қажетті құралдармен, медициналық жабдықтармен, шаруашылық шығын мүліктерімен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. мекемелердің, кәсіпорындардың, оқу орындарының басшыларына және ауыл әкімдеріне ұсыныс жасалсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушылар жеке шақыру қағаздарында көрсетілген қажетті құжаттармен әскерге шақыру комиссиясына келу қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдерді шақыру пунктіне шығарып салу ұйымдастырылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Қ. Ғали, келісім бойынша)
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақырушыларды әскерге шақыру комиссиясынан өткізу кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) бұрын сотталған, сотта немесе тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы жазбаша хабарлама жасалсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды тасымалдаудағы жол қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 9
9. Целиноград ауданы әкімдігінің осы қаулысы Целиноград ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап және аудандық «Призыв» -«Ұран» газеттерінде ресми жарияланған соң жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Осы қаулының күші ағымдағы жылдың 20-сәуірінен бастан құқықтық қарым-қатынастарға жүреді.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары
М.Ермағамбетов
«31» мамыр 2007 ж.