Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 1-тармағына, 5-тармағына, 6-тармағына, 19- бабының 3-тармағына, 23-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запаска шығару және Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылы туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №318 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру қомиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда және медиңиналық қомиссия 2 қосымшаға сәйкес құрамда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері өз құзыреті шегінде Жамбыл аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне 2007 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуде көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы):
Тармақша 1
1)аудандық медиңиналық қомиссиясын білікті маман-дәрігерлер және орта буын медиңиналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2)әдістемелік нұскаулықтардың талаптарына сәйкес шақырушыларды уақытылы медиңиналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақырушыларды адамдардың иммунды тапшылық вирусы инфекциясына, сондай-ақ тексерулердің басқа да түрлеріне ақысыз тексеруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) шақырушыларды тексеру үшін денсаулық сақтау ұйымдарына төсек-орынның қажетті санын бөлсін.
Тармақ 8
8. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Момынқұлов Байжомарт Байшымырұлы) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығына тексерулер ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы бөлімі (Сансызбаев Дулат Муратұлы) әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етудi жүргізсін.
Тармақ 10
10. Аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі (Балтымбаев Едіге Байзақұлы) осы қаулының орындалу барысы туралы көктемгі шақыру бойынша 2007 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2007 жылдың 20 каңтарына дейін аудан әкімі аппаратын хабардар етсін.
Тармақ 11
11. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 342 (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тipкey тізілімінде 2006 жылғы 21 маусымында тіркелген, тipкey № 2-7-24, 2006 жылғы 5 тамыздағы № 36 (5298) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» каулысы күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 12
12. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғадылжан Бекболатұлы Бекқожаевқа жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «23» мамырдағы № 498 «Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысымен бекітілген 1 қосымшасы Жамбыл ауданы шақыру қомиссиясының құрамы Балғымбаев Едіге Байзақұлы комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімнің бастығы Дәуітқұлов Жұман Сатыбалдыұлы комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жөніндегі бас маман Комиссия мүшелері Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы орталық аудандық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы Атшабарова Бақытгүл Қаныбекқызы комиссия хатшысы, мейірбике.
Басқа 15
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «23» мамырдағы № 498 «Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысымен бекітілген 2 қосымшасы Медициналық комиссия құрамы Кольнова Людмила Александрқызы аудандық аурухананың аға дәрігері Кәрімов Абрек Яроллаұлы аудандық аурухананың хирург дәрігері Узбекова Жеңісқұл Құлжабекқызы аудандық аурухананың терапевт дәрігері Агзамова Майя Қангерейқызы аудандық аурухананың көз дәрігері Бейіспаев Асқар Жұмаділұлы аудандық аурухананың лор дәрігері Әбдіқапарова Қарлығаш Әбдімолдақызы аудандық аурухананың психиатр дәрігері Кәрімов Абрек Яроллаұлы аудандық аурухананың дерматовенеролог дәрігері Жолжанов Мейрамбек Әшімұлы аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері Қадіров Оспан Қадірұлы аудандық аурухананың тic дәрігері Арзабаева Роза Самарқанқызы аудандық аурухананың невропатолог дәрігері Жанасбаева Раушан Жінгелбайқызы аудандық аурухананың антропометристі