Қолданыстағы ред. 18.06.2007

Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 18.06.2007 г. № 1378 (Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімі өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Балқаш аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жергілікті атқарушы органдары қорғаныс icтepi жөніндегі тиісті басқарма мен бөлімдер арқылы 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2

2. Аудандық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық ету және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.

3

3. Аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.Есімқұлов)

1

1)аудандық шақыру комиссиясын білікті маман-дәрігерлермен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;

2

2)инструкторлық-әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырылушыларды дер кезінде медициналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

3

3)шақырылушыларды адамдардың иммунды тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясына ақысыз тексеруді, сондай-ақ тексерулердің басқа да түрлерін қамтамасыз етсін;

4

4)шақыру (жинау) пункттерін қажетті құралдармен, медициналық дәрі-дәрмекпен жабдықтасын;

5

5)тексеру мен емдеудің сапасына аудандық бас дәрігері дербес жауапкершілікте болатынына назар аударсын;

6

6)шақырушылушыларды тексеру үшін денсаулық сақтау ұйымдарында төсек-орынның қажетті санын бөлсін.

4

4. Аудандық ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Г. Аманжолова) жастарды қазақстандық патриотизмге, Отан қоpғay жөніндегі конституциялық борышын қалткысыз орындауға тәрбиулеу жұмысын жандандырсын.

5

5. Аудандық спорт және дене тәрбие бөлімі (Қ. Жақыпов) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылап, тексерулер ұйымдастырсын.

6

6. Аудандық корғаныс icтepi жөніндегі бөлімі (М. Көшербаев) көктемгі шақыру бойынша осы қаулының орындалу туралы Алматы облысы жұмылдыру дайындағы, азаматттық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасына көктемгі шақыру бойынша 2007 жылғы 20 шілдеге және күзгі шақыру бойынша 2008 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.

7

7. Балқаш аудандық әкімиятының 2006 жылғы 27 шілде күнгі № 136 (мемлекеттік нормативтік құқкықтық актілерін тіркеу тізімінде 28 тамыз 2006 жылы тіркелген №2-6-22 және аудандық «Балқаш өңірі» газетінің 7 қазан 2006 жылғы жарияланған) «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың cәyip-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскерге шақыру туралы» қаулысының күші жойылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевқа жүктелсін.

9

9. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

16

Аудандық Әкімдігінің 2007 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 1378 санды қаулысына №1 қосымша
Аудандық әскери шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Көшербаев Марат Жеңісұлы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасы
Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Рыскелдиев Қайрат Жұмағалиұлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары,
полиция майоры
Көжекбаев Ілімбай Көжекбайұлы аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны бастығының орныбасары
Сауанбаева Сабыркул
Шайахметқызы мейірбике, комиссия хатшысы

17

Аудандық Әкімдігінің 2007 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туылған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 1378 санды қаулысына №2 қосымша
Әскер шақырылылғандарды медициналық тексеруден өткізу комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Көжекбаев Ілімбай Көжекбайұлы аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны бастығының орныбасары
Құлжабекова Фая Қағазбекқызы орталық аурухананың терапевт дәрігері
Алиев Илияс Гаджиевич орталық аурухананың хирург дәрігері
Естемесова Баку Базарбекқызы орталық аурухананың лор дәрігері
Құдагелдиев Мейрамбек Жүсіпұлы орталық аурухананың дермавенеролог дәрігері
Дербенев Владимир Сергеевич орталық аурухананың невропотолог дәрігері
Құдагелдиев Мейрамбек Жүсіпұлы орталық аурухананың психиатр дәрігері
Қаспақбаева Роза Қаспақбайқызы орталық аурухананың окулист фельдшері
Малтабарова Бақыт Ахиятқызы орталық аурухананың стоматолог дәрігері