О проведении очередного призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдарда туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын негізге алып, 1980-1989 жылдарда туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жастары үлкен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1980-1989 жылдарда туған шақыруды кейінге қалдыруға немесе мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында Степногорск қаласының аумағында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй, «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы бойынша шақыру пункті ұйымдастырылсын (одан әрі – қорғаныс істері жөніндегі бөлім).
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамында бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери кызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2007 жылғы қазан-желтоқсан әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұсынсын.
Тармақ 5
5. «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына дәрігерлер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлуді ұсынсын.
Тармақ 6
6. «Степногорск аймақтық психиатрия ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына психиатр-дәрігерін бөлуді ұсынсын.
Тармақ 7
7. Степногорск қаласы кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының, оқу орындарының басшылары:
Тармақша 1
1) іссапарларда жүрген шақырылушыларды шақырып алсын және шақыру комиссиясын өту үшін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуді оларға жүктесін, шақырушылардың шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаторлық анализдерді жүргізу уақытында жұмыстан босатсын.
Тармақ 8
8. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру пунктіне алты адамнан тұратын техникалық жұмысшыларды бөлсін.
Тармақ 9
9. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің және Қарабұлак селолық оқругінің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыруға жататын барлық шақырылушыларға жеке шақыру қағаздарын тапсырып және оларды шақыру комиссиясына Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген күндерінде келуін камтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін алып барушыларды және қажетті көлікті беруді қамтамасыз етсін, апарған уакытта шақырылушыларды жол апаттарынан сақтандыру үшін шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды шақыру пунктіне жіберер алдында, олардың жеке шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттардың түгел болуын тексерсін.
Тармақ 10
10. Шақыруды өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімі бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Степногорск қалалық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алдын ала тексеру мен тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылары туралы жеті күн мерзімі ішінде ақпарат етуін;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімдері бойынша шақыру мерзімінде шақыру пунктінде шақырылушыларды облыстық шақыру пунктіне жіберу мен апару кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен бас тартып жүрген азаматтарға іздеуді жүргізуін ұсынсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Садуақасоваға жүктелсін.
Басқа 22
Степногорск қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 20 тамыздағы № ә-10/362
қаулысына қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Қатышев Төлеген Саттарұлы – «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
Боцман Николай Яковлевич – «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құкықтық бөлімінің ТЖ жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Вернигора Наталья Ивановна – «Степногорск қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Есжанов Қанат Рахметоллаұлы - тәрбиелеу және кадр жұмысы бойынша «Ақмола облысы Ішкі істері департаментінің Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Жұмабекова Алмагүл Телманқызы – «Степногорск қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының учаскелік терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы
Оспанов Болат Кеңесұлы - «Отан» республикалық коғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының директоры (келісім бойынша)
Штундер Георгий Георгиевич - «Отан» республиқалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының өкілі (келісім бойынша)