1980 – 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
1980 – 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 1897-XII Заңына, 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » Заңының 31 бабы 1 тармағы, 8 тармақшысына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және аттандыруды ұйымшылдықпен сапалы өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Май ауданының аумағында 2007 жылы қазан-желтоқсан айларында 1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудандық шақыру комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Жастарды тексеріп, әскер қатарына жарамдылығын шешетін дәрігерлік комиссиясы 2 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Май аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков) азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуге жұмыс тәжірибесі бар қажетті санатты дәрігер-мамандар мен орта буын персоналмен қамтамасыз етсін.
Тармақша 1
1) Әскерге шақырылушылар 2007 жылғы қыркұйек айының 10-нан 30-на дейін айнаға түсуін және зертханалық тексеруден өтуін;
Тармақша 2
2) Стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігерлік комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды орынмен қамтамасыз етіп, қысқа мерзімде тексеруден өтуін;
Тармақша 3
3) Анықталған аурудан әскерге шақырылушыларды емдеу профилактикалық мекемелерге бекітіп, келесі әскерге шақыру мерзіміне дейін емделуін;
Тармақ 4
4. Барлық меншік нысанына қарамастан мекеме, кәсіпорын басшылары әскерге шақырылушыларды сапалы мінездемемен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдері:
Азаматтарды дер уақытында хабарландырылуын және аудандық шақыру пінктіне келуін бақылауға алып, шақыру комиссиясынан өтуін, себепсіз жағдаймен шақыру комиссиясына келмеген азаматтарды іздестіру шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру шараларын сапалы түрде жүргізу және құжаттарды реттеу мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Мұқатаев) үш ай мерзімге (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан) техникалық қызметкер ретінде 4 адам бөлсін.
Тармақ 7
7. Азаматтарды селолық округтерден шақыру учаскесіне, облыстық бақылау комиссиясына, дәрігерлік мекемелерге жеткізу және мерзімді әскери қызметке аттандыру шараларын қамтамасыз ету үшін автобус автокөлігін жалға алуға келісім-шарт жасалсын.
Тармақ 8
8. Май аудандық қарды бөлімінің бастығы (Ә. Қоңыржанов) азаматтарды әскери қызметке шақыру байланысты шағындары өтеу кестесіне қаржыны бөлсін.
Тармақ 9
9. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру дайындықтару, оны өткізу барысы, қорытынды жұмыстары жөніндегі ақпараттар, хабарламалар аудандық газетке жариялансын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау өзіме жүктелсін.
Тармақ 11
11. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.
Келісілді:
Май ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор С. Бектеміров
Басқа 15. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Май ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «7» қыркүйектегі
«1980 - 1989 жылдары туған
азаматтарды 2007 жылдың қазан-
желтоқсан айларында мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы»
№ 206/8 қаулысына 1-қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Бектеміров Серік Болатұлы – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Ахметжанов Мұрат Мұсаулы – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Кәрімов Болат Уәнұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Малгаждарова Қарлығаш Бейсенғалиқызы – аудандық орталық аурухананың дәрігері (келісім бойынша)
Жақсыбекова Ратай Қизатқызы – медбибі, комиссия хатшысы
Басқа 16. Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі шақыру комиссиясының медициналық комиссия құрамы
Май ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «7» қыркүйектегі
«1980 - 1989 жылдары туған
азаматтарды 2007 жылдың қазан-
желтоқсан айларында мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы»
№ 206/8 қаулысына 2-қосымша
Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі шақыру комиссиясының медициналық комиссия құрамы
Әрмизова Сәулеш Шақатайқызы терапевт-дәрігер
Кенжебаева Лескен Қабышқызы окулист-дәрігер
Шамбасов Алмас Кәменұлы стоматолог-дәрігер
Тастанова Бақытжамал Зиядақызы дерматолог-дәрігер
Садыбеков Рахат Сейсенұлы хирург-дәрігер
отоларинголог-дәрігер
невропатолог-дәрігер
Малгаждарова Қарлығаш Бейсенғалиқызы психиатр –дәрігер
Сыздықбаева Нұржамал Нұрмаганбетқызы рентгенолог-дәрігер