Об организации очередного призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2007 года на территории Астраханского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан ауданының аумағында, 1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери кызмет туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген әскери қызметкерлерді мерзімді әскери қызметтен босату және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 1989 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ одан жасы жоғары, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру мерзімі біткен азаматтарды мерзімді әскерге шақыруды және әскери бөлімдерге жөнелтуді жоспарлы және ұйымшылдықпен өткізу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданының аумағында, 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы Астрахан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде (бұдан әрі - Астрахан ауданының ҚІББ) шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. № 1 қосымшада берілген, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылсын.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясы үшін жұмыс күні сағат 9-дан 18-ге дейін, 13-тен 14-ке дейін түскі демалысымен белгіленсін.
Тармақ 5
5. Шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін, №2 қосымша бойынша медициналық комиссия құрылсын.
Тармақ 6
6. Ұйым басшылары әскерге шақырылғандардың хабарландырылуын және олардың шақыру учаскесіне уақытымен келулерін ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ауылдық округ әкімдері шақыру қағазын тапсырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Астрахан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру және әскерге аттандыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясына және әскерге аттандыру үшін келмегендерді іздесін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды тасымалдауға бөлінген көліктің техникалық дайындығына тексеру жүргізсін.
Тармақ 9
9. Қаржы бөлімінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджетте көзделгендей қаржыландырсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етуге кіріседі.
Басқа 15
Астрахан ауданы әкімдігінің 2007ж. 11.09. №344 аулысына № 1 қосымша Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының Құрамы Әубәкіров Әділхан Исаходжаұлы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Қожахмет Мирам Қосманұлы аудан әкімінің орынбасары,комиссия төрағасының орынбасары Мәденов Ерік Төлеутайұлы Астрахан ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Воротникова Любовь Константиновна Астрахан орталық аудандық ауруха- насы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Төлеубекова Мүгілсім Жапарқызы Астрахан орталық аудандық ауруха- насының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 16
Астрахан ауданы әкімдігінің 2007ж. 11.09. №344 қаулысына № 2 қосымша Медициналық комиссияның құрамы Воротникова Любовь Константиновна Астрахан орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары комиссия төрайымы (келісім бойынша) Нұрәлиев Мухтар Наржігітұлы Астрахан орталық аудандық ауруханасы хирургі (келісім бойынша) Жаңабеков Сырым Сандыбекүлы Астрахан орталық аудандық ауруханасының тіс дәрігері (келісім бойынша) Есенбаева Ғалияш Әбенқызы Астрахан орталық аудандық ауруханасының дерматологі (келісім бойынша) Арбиева Маргарита Ростиславовна Астрахан орталық аудандық ауруханасының психиатры (келісім бойынша) Мирошниченко Светлана Васильевна Астрахан орталық аудандық ауруханасының невропотологі (келісім бойынша) Жаңабекова Шынар Қабдірахманқызы Астрахан орталық аудандық ауруханасының отоларингологі (келісім бойынша) Сүлейменова Гүлшекер Рахымбекқызы Астрахан орталық аудандық ауруханасының терапевті (келісім бойынша) Ақмола облыстық денсаулық сақтау Департаментінің бағыттамасы бойынша жіберілген көз дәрігері (келісім бойынша) Калиева Тагура Гельмановна Астрахан орталық аудандық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша)