Ауданда 1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда 1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылығы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылығы 23 қаңтардагы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкесәскерге шақырылушы ер азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру және жөнелту мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қазан-желтоқсанында аудан аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінгі қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы аудан азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа әскерлермен, әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 1- қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. 2- қосымшаға сәйкес Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілер бөлінсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) Шалғайдағы селолық округтерде тұратын әскер қатарына шақырылушы азаматтарды медициналық куәландыру өткізу үшін белгіленген уақытта аудан орталығына жеткізуге, сондай-ақ шақырушыларды тасымалдау үшін автокөліктер бөлінсін;
Тармақша 2
2) Аудандық шақыру пунктін жабдықтау және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарына кететін шағынның көлемі жергілікті бюджет арқылы анықталып, көктемгі және күзгі әскерге шақыру іс-шараларпын жүзеге асыру үшін, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Күзгі әскер қатарына шақыруға байланысты міндеттерін атқаруға тартылған азаматтардың (аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерін) өз міндеттерін атқару іс-сапармен байланысты болса,іс-сапар шығындары төленсін;
Тармақша 4
4) Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пунктіне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың жұмыс орындары бойынша еңбекақысы сақталсын;
Тармақ 5
5. Аудандық емханадан (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Әскер қатарына шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, орта буын медицина персоналымен қамтамасыз ету және медициналық комиссия құру;
Тармақша 2
2) Әскер қатарына шақырушыларды флюрографиялық (рентгенографиялық) зерттеуден өтуін, қанның тобы мен резус факторының анықталуын, қанның және несептің жалпы талдауын, электрокардиографиядан өткізілуін, микрореакциясының анықталуын жүзеге асырып, бақылау жасау;
Тармақша 3
3) Жергілікті селолық ауруханаларды, дәрігерлік амбулаторияларда және жанұялық дәрігерлік амбулаторияларда сақталатын әскер қатарына шақырылушылардың Ф-25/у амбулаториялық (стационарлық) аурулардың жеке картасы формаларының шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияның отырысы кезінде міндетті түрде болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) 3-қосымшаға сәйкес әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын тексеру үшін медициналық куәландыру комиссиясын құрц, оны қажетті маман – дәрігерлермен толықтыру:
Тармақша 5
5) 4,5-қосымшаларға сәйкес әскер қатарына шақырылушылардың флюрографиялық байқаудан және дәрігерлік комиссиядан өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдері тиісті әкім аппаратынан өкіл бөле отырып, шақырылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалттарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері арқылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша 2006 жылғы күзгі шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық Қорғаныс істреі жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) тендеоден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкер мен келісім-шарт жасап, шақыртуға жататын азаматтарды селолық округтерден қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне және облыстық шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру, 2006 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудандық әкімиятына хабарлама данындау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы бөлімі 2006 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Қаулы ескертулерсіз келісілді: Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б. Қартқожақов Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А. Жұмыров Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Р. Мырзабаев
Басқа 21
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 12 қыркүектегі № 267 қаулысына 1-қосымша Ауданда 1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссияның құрамы Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Құрманбаев Асқар Рахымұлы Ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері Әміржанов Болатбек Орынғалиұлы Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Рахметова Жанна Камалқызы Аудандық емхана дәрігері, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша) Есенғалиева Ғалия Кабдрахманқызы Аудандық емхананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 22
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 12 қыркүектегі № 267 қаулысына 2-қосымша 1980-1989 жылы туылғын ер азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер № Мекеменің аты Бөлу мерзімі Қызметкерлер 1 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 қазан 28 желтоқсан 1 2 Махамбет селолық округі әкімі аппараты 1 қазан 28 желтоқсан 4
Басқа 23
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 12 қыркүектегі № 267 қаулысына 3-қосымша 1980-1989 жылы туылғын ер азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның құрамы: Рахметова Жанна Камалқызы – дәрігерлік комиссияның төрайымы № мамандығы Аты-жөні Ескерту 1 Оташы Алламбергенов Орынбай 2 Емдеу дәрігері Рахметова Жанна 3 Құлақ-мұрын дәрігері Мұстағалиев Анар 4 Тері аурулары дәрігері Мырзағалиева Света 5 Тіс дәрігері Оспанова Алма 6 Фтизиатр Еспосынов Жалғас 7 Рентгенолог Жақсығалиев Мүбәрак 8 Кардиолог Көшербаева Алма 9 Медбикелер 5 адам
Басқа 24
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 12 қыркүектегі № 267 қаулысына 4-қосымша 2006 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың флюрографиялық байқаудан өту мерзімдері Селолық округ атаулары Флюрографиялық байқаудан өту күндері Сарайшық 1.10 Есбол 2.10 Сарытоғай 3.10 Бақсай 4.10 Жалғансай 5.10 Алға 8.10 Ақтоғай 9.10 Алмалы 10.10 Ақжайық 11.10 Бейбарыс 12.10 Махамбет 15.10
Басқа 25
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 12 қыркүектегі № 267 қаулысына 5-қосымша 2007 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өту күндері № Селолық округ атаулары Дәрігерлік комиссиядан өту күндері 1 Сарайшық 3.10 26.11 2 Есбол 4.10 12.11 3 Сарытоғай 5.10 10.12 4 Бақсай 8.10 5.11 5 Жалғансай 9.10 10.12 6 Алға 10.10 26.11 7 Ақтоғай 11.10 3.12 8 Алмалы 12.10 19.11 9 Ақжайық 15.10 3.12 10 Бейбарыс 16.10 29.10 11 Махамбет 17.10 22.10