1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 8-тармақшасы және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 4 тарауын басшылыққа ала отырып, 2007 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке ұйымдастыруды және сапалы өткізуді қамтамасыз ету үшін Аягөз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағында жасы 18-ге толған және 27-дейінгі белгілі бір себептермен әскер қатарына шақырылуы кейінге қалдырылған 1980-1989 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу үшін төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын: Мұрат Тлекқалиұлы Жақашев Аягөз қаласының қорғаныс істер бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы Нұрғали Тлекқалиұлы Әзімбаев Аудан әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары Сәуле Төлеужанқызы Жақсыбаева Аудандық емхананың аяжаны, комиссия хатшысы
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып және өткізу үшін шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Тармақ 3
3. Аягөз аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. "Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Департаментінің Аягөз ауданы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру комиссиясы бойынша әскерге шақырушыларды тексеру кезектен тыс және сапалы өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Меншік түріне тәуелсіз кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырушыларды іс-сапардан (демалыстан және т.б.) шақыру, олардың Қызыл қырандар жағалауы, 37 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне уақытында келуге хабардар беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Аягөз аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін қажетті бағдарламаларды қаржыландыруды бекітілген бюджет шегінде өткізсін.
Тармақ 7
7. "Аягөз аудандық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақырудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.