О проведении осеннего призыва граждан Республики Казахстан 1980-1989 годов рождения на военную службу в 2007 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы 1980-1989 жылдары тұған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке күзгі шақыруды жүргізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің 17 сәуірдегі 2007 жылғы Белгіленген әскери қызмет мерзімін атқарған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы № 318 Жарлығына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы күз айлары қазаннан-желтоқсанға дейін, Қаражал қаласының, Жәйрем, Ақтай, Шалғы кенттерінің аумағында 1980-1989 жылдары туған әскерге шақырылуы кейінге қалдырылу немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес 2007 жылғы 2 қазанынаң бастап меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және оқу орындарының, тұрғын үй пайдалану ұйымдарының және үй басқармаларының басшылары 1980-1989 жылдары туған әскерге шақырылушыларды іссапарлардан және демалыстардан кері шақырып алсын, алдағы болатын шақыру туралы хабардар етсін және олардың қажетті құжаттарымен шақыру учаскесіне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20-бабының 1-тармағы негізінде күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай құрамда шақыру комиссиясы құрылсын: Әлмағамбетов Аманғазы Нүркенұлы - Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы; Шапкова Галина Александровна - Ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар және іс-қағаздарды бөлімнің меңгерушісі, комиссия төрағасының оырнбасары; КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Мыңжанов Қару Сүлейменұлы - Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары; Артықбаев Рашид Жамбырбайұлы - Орташы-дәрігер, медициналық комиссия төрағасы; Пушканова Наталья Владимировна - медбибі, шақыру комиссиясының хатшысы.
Тармақ 4
4. «Орталық ауруханасы» Коммуналдық Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорынының директоры – А.С.Қабылов (келісім бойынша) мынадай медициналық комиссия құрылсын: Артықбаев Рашид Жамбырбайұлы - оташы-дәрігер; Қабылов Асан Құлтайұлы - психиатр-дәрігер; Нанбаева Рабиға Қаражарқызы - окулист-дәрігер; Жетимбекова Дильда Құдыкеновна - лор-дәрігер; Мұқанова Лариса Сәбитқызы - дерматолог-дәрігер; Мұсылманбекова Бағдат Жұмкенқызы - терапевт-дәрігер; Шуленбаева Шолпан Таласовна - фтизиатр-дәрігер; Сулейменова Данагүл - стоматолог-дәрігер; Ахмедова Венера Зуфаровна - невропатолог-дәрігер; Медициналық комиссиясын өтуін қамтамасыз ету үшін медбибілер: Аймағамбетова Розалия Кеңесқызы Машина Елена Алексеевна Әбілдинова Салтанат Бекманқызы Качетова Антонина Савовна Тулеубаева Кульзат Жуанышевна Дмитриева Ольга Степановна Әбенова Салтанат Балтабайқызы Сейсенбаева Күлпаш Потапова Нина Ильинична Серикова Сақып Сайлаубайқызы Мышкина Вера Анатольевна Качетова Антонина Савовна Бейсембаева Айбаршын Армиевна
Тармақша 1
1) Медициналық комиссияны қажетті дәрігерлік құралдармен, дәрігерлік және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) Медициналық комиссияның өткізілу кезеңінде маман-дәрігерлерді және медициналық бибілерді негізгі жұмыс орындары бойынша лауазымы мен жалақысын сақтай отырып атқаратын міндеттерінен босатсын.
Тармақша 3
3) «Орталық аурухана» Коммуналдық Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорынына Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жолдасымен келген барлық әскерге шақырылушыларға кеуде клеткасы органдарының флюорографиясын, несеп, қан анализдерін өткізіп берсін, қан тобын және тиесілік резусын анықтап берсін, ал жөнелту командасына енгізілгендерге жергілікті бюджет қаржыларының есебінен электрокардиограмма жасап берсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыру комиссиясына, облыстық жиын пунктіне жөнелтуге уақытылы келуін ұйымдастыру және бақылау үшін, сондай-ақ шақыру комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарып жүрген әскерге шақырылушыларды жеткізу үшін мынадай құрамда іздестіру тобы құрылсын: Исабаев Серік Қабдаллаұлы - Келісім-шарт бойынша және әскери қатарына шақырылу бөлімшесінің бастығы, іздестіру тобының төрағасы ІЗДЕСТІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ: Қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері: Сәрсекеев Болат Балгабаевич - Қалалық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы; Есенбеков Нұрым Рахымбайұлы - Қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық полиция іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі
Тармақ 6
6. Шақыру және медициналық комиссияларының күндер мен айлар бойынша жұмыс кестесі бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 7
7. Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қ.И. Әпеков келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес полиция қызметтерлерінің күшімен Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне әскери міндеттен жалтарып жүрген шақырылушыларды Қаражал қаласының, Жәйрем, Ақтай, Шалғы кенттерінде тұратын әскерге шақырушыларды тексеруді жүргізсін. Шақыру комиссиясын өткізу кезеңінде қоғамыдқ тәртіптің сақталуы үшін шақыру учаскесіне тәртіпті және жауапты учаскелік инспекторлар бөлсін.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабының 3-тармағы негізінде Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кезекті шақырылуға жататын, шақырылуы кейінге қалдыруға құқығы жоқ әскерге шақырылу жасындағы азаматтардың 100% келуін қамтамасыз етсін. Келмеген жағдайда келмегендерді Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізу үшін жергілікті учаскелік инспекторларды тарта отырып, тұратын жерлері бойынша іздестіруді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Мемлекеттік Мекемесінің бастығы (Н.Н. Гармашова) шақыру жұмыстарын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қарамағына қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды бөліп берсін:
Тармақша 1
1) техникалық қызметкер – 2 адам
Тармақша 2
2) курьер – 1 адам Жәйрем кентінің әскери есеп үстелінің бастығы үшін:
Тармақша 3
3) техникалық қызметкер – 2 адам
Тармақша 4
4) курьер – 1 адам
Тармақ 10
10. 1980-1989 жылдары туған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыруды жүргізудің қорытындылары 2007 жылғы 30 қарашаға дейін Қаражал қаласының әкіміне баяндалатын болсын.
Тармақ 11
11. Қаражал қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 05 мамырдағы №392 «2006 жылы 1980-1989 жылдары туған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке көктемгі шақыруды жүргізу туралы» қаулысы, 2007 жылғы 13 маусымдағы мемлекеттік тіркеу саны 8-5-35, 2007 жылы 25 маусымдағы № 26 «Қазыңалы өңір» газетінде жарияланған күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына жасау Қаражал қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейтовке жүктелсін.
Тармақ 13. 2007 жылғы күзгі шақыру комиссиясының медициналық комиссия өткізу КЕСТЕСІ
13. Осы қаулы ресми жариаланған күннен бастап оң күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛДІ: Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы ______________А.Әлмағамбетов 2007ж.10.11 Ішкі істер бөлімінің бастығы ______________Қ.Әпеков 2007ж.10.11 «Орталық ауруханасы» Коммуналдық Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорынның Директоры ________________А.Қабылов 2007ж.10.11 Қосымша №1 Бекітілді Қаражал қаласы әкімінің қаулысы №928/1 11.10.2007ж. 2007 жылғы күзгі шақыру комиссиясының медициналық комиссия өткізу КЕСТЕСІ Кенттер атауы Өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна, жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 02 10 30 10 04 10 05 10 08 10 09 10 11 10 12 10 15 10 16 10 17 10 18 10 19 10 22 10 23 10 Қаражал 25 25 25 25 25 25 25 25 Жәйрем 25 25 25 25 25 25 25 Шалғы Ақтай Жалпы Саны 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 Кенттер атауы Өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна, жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 24 10 26 10 29 10 30 10 31 10 01 11 02 11 05 11 06 11 07 11 08 11 09 11 12 11 Қаражал 25 25 25 25 25 Жәйрем 25 25 25 25 25 25 25 Шалғы 25 Ақтай Жалпы Саны 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 Кенттер атауы Өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна, жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 13 11 14 11 15 11 16 11 19 11 20 11 21 11 22 11 23 11 26 11 27 11 28 11 29 11 Қаражал 25 25 25 25 25 25 25 25 Жәйрем 25 25 25 25 25 Шалғы Ақтай Жалпы Саны 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 Кенттер атауы Өткізетін тексерулері медициналық: қан, зәр, айна, жүрек тексеруші аппараты Өткізетін айлары, күндері 30 11 03 12 04 12 05 12 06 12 07 12 10 12 11 12 13 12 14 12 18 12 19 12 20 12 21 12 24 12 Қаражал 25 25 25 25 25 25 Жәйрем 25 25 25 25 25 25 25 25 25 Шалғы Ақтай Жалпы Саны 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25 25