1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20 бабының тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі (1 қосымша) және 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын қазан айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі (2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (3 қосымша) және медициналық комиссияның құрамы құрылсын (4 қосымша);
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясының мүшелері, дәрігерлер мен медбикелер шақыру комиссиясының жұмысына араласқанда негізгі жұмысынан босатылып, еңбек ақысы сақталсын.
Тармақ 3
3. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігіне (Калибеков Т.А.):
Тармақша 1
1) 2007 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында аудандық ауруханада шақырылған азаматтардың дәрігерлік куәландырудан өтулерін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру кезінде емдеу мекемесінен стационарлық тексеру мен емдеуге орын бөлу келісім бойынша ұсынылсын. Шақыру комиссиясының жұмысына көмектесу үшін ақылы қоғамдық жұмысқа аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі (Мусалимова Р.С.) 2 адам бөлсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Зиналиев Б.Ғ.) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру келісім бойынша ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдері шақырылған азаматтарды 2 және 3 қосымшаларда көрсетілген кестеге сәйкес шақыру бөліміне жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «20» ақпандағы №31 қаулысымен бекітілді 1 қосымша 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі № Селолық округтің атаулары саны сәуір 4-5 6-9 10-11 12-13 16-17 1 Амангелді 20 20 23 2 Ақтау 11 11 3 Достық 14 14 8 4 Қазақстан 16 16 5 Тасқала 73 6 Қосшы 11 11 50 7 Мереке 8 8 Мерей 11 11 9 Шежін 10 10 барлығы 174 31 25 37 50 31
Басқа 13. 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын қазан айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «20» ақпандағы №31 қаулысына 2 қосымша 1980-1989 жылдары туылған аудан азаматтарын қазан айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі № Селолық округтің атаулары саны қазан 1-2 3-4 5-8 9-10 11-12 15-16 17-18 19-22 1 Амангелді 25 25 2 Ақтау 21 21 3 Достық 19 19 4 Қазақстан 37 37 5 Тасқала 171 50 50 50 21 6 Қосшы 24 24 7 Мереке 13 13 8 Мерей 27 27 9 Шежін 24 24 барлығы 361 44 48 50 50 48 50 50 21
Басқа 14. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «20» ақпандағы №31 қаулысына 3 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Жұбанышқалиев Абат Әсетұлы - аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Шынбаев Қанатғали Қажыбайұлы - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Құсайынов Әлібек Жақымұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы - аумақтық медициналық бірлестігі директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Айтжанова Нұрсұлу - медбике, комиссия хатшысы.
Басқа 15. Медициналық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «20» ақпандағы №31 қаулысына 4 қосымша Медициналық комиссияның құрамы Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы - аумақтық медициналық бірлестігі директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы; Азанғалиева Ағиба Кәрімқызы - тіс дәрігері; Елжанов Мақсот Қайырұлы – хирург; Еметьяров Нұрболат Қайкенұлы – ЛОР дәрігері; Ермұхамбетов Сағынғали Медетұлы – көз, тері дәрігері; Қосжанов Ораз Ағымбайұлы - рентгенолог; Оразова Әлия Хайроллақызы – терапевт; Исмағұлова Әлия Мақсотқызы - көз тексеру кабинетінің медбикесі; Есенбаева Меруерт Ғалымқызы - жасөспірімдер кабинетінің медбикесі; Жұбандықова Тамара Сәрсенқызы - хирург кабинетінің медбикесі; Оразбаева Алтыншаш Мақбозқызы - лор кабинетінің дәрігері; Айтжанова Нұрсұлу - медбике, комиссия хатшысы.