Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері қатарына 1980-1989 жылдар
аралығында туылған азаматтарды
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17-сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді қызметке шақыру туралы» №318 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына 1980-1989 жылдар аралығында туылған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 27.04.2007 г. № 149 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына 1980-1989 жылдар аралығында туылған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. 1980-1989 жылдар аралығында туылған азаматтарды және мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды 2007 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан аралығында өткізілсін.
2. Азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу үшін төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:
Шынтаев Әжімұқан Қалмаханұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы (келісімі бойынша);
комиссия төрағасы;
Әбілхасов Нұрлан Әйтбекұлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру
кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Медетов Әбілсерік Тынысұлы
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары /келісімі бойынша/;
Рсымбетов Әбдіманап Сәбденұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше бастығы /келісімі бойынша/;
Акбаров Ералы
Нұралыұлы медициналық қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайтын дәрігер,
медициналық комиссиясының төрағасы;
Пак Александра Николаевна - аудандық аурухана терапевті
/қосалқы мүшесі/;
Мырзахметова Бибіхан - аудандық аурухана қызметкері, комиссия хатшысы;
Комиссияның жұмыс уақыты 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсан аралығында әр аптаның дүйсенді-жұма күндері сағат 14-00 ден сағат 18-00 дейін белгіленсін.
3. Аудандық медициналық бірлестігі /Р.Мұсаева - келісімі бойынша/ әскер қатарына шақырылатын азаматтардан медициналық анализдер алу; көкірек органдарын флюорографиялық зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастырсын. Медициналық комиссиясын керекті медициналық құралдармен жабдықтап, қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Ауыл округі әкімдері мен олардың әскери есеп стол инспекторлары және меншік нышанына қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабында көрсетілген талабына сәйкес, өз аумағына қарасты 1980-1989 жылдар аралығында туылған азаматтарды іс-сапардан /демалыстан/ шақырып алып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша шақыру қағазында көрсетілген мерзімге сәйкес, ұйымдасқан түрде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне келуін қамтамасыз етсін.
5. Аудандық ішкі істер бөлімі /Д.Панзабеков, келісімі бойынша/:
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес кезекті әскери қызметтен, өзінің азаматтық борышын өтеуден бас тартып, шақыру комиссиясының шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде келмей жүргендерді анықтап, ұстап, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру;
2) қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылушы азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып және істері сотқа өткізіліп, айып тағылып жатқаны жөнінде мәліметтерді беріп отыру;
3) қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін кезекшілік тобын құрып, шақыру комиссиясының жұмыс күндерінде және азаматтарды әскери қызметке шығарып салуды, облыстық медициналық байкауға алып барып, алып келуде автокөліктерді тасымалдауға кезекші полиция қызметкерлерімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Аудандық қоғаныс істері жөніндегі бөлімі /Ә.Шынтаев, келісімі бойынша/:
1) шақырылушы азаматтарды режимді командаларға іріктеп, оларға қадағалау органдарынан уақытылы рұқсат алып отыру;
2) аудан әкіміне әр 8 /сегіз/ күнде азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру кезеңінде атқарылып жатқан жұмыстардың жалпы жағдайы жөнінде мәліметтер беріп отыру;
3) шақыру кезеңі біткеннен кейін 10 /он/ күннің ішінде шақыру комиссиясы жұмысының қорытынды мәліметін ету сұралсын.
7. Ордабасы ауданының жеке кәсіпкері Т.Атабековке /келісімі бойынша/ облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктіне және дәрігерлік комиссиясына азаматтарды тасымалдау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен жасалған келісім шарт бойынша автокөлік бөлу және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету сұралсын.
8. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі /Ө.Тәшенов/ шақыру пунктінде кезекті әскер қатарына шақырылған азматтармен патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу, оларды әскер қатарына шығарып салу салтанатын ұйымдастыру міндеттелсін.
9. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /А.Сихымбаева/ және аудандық қаржы бөліміне /Т.Балабекұлы/ 1980-1989 жылдар аралығында туылған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру және жөнелту үшін қаржы көздерін қарастырып, мерзімінде қаржыландыру тапсырылсын.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
11. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қ. Төлебаевқа жүктелсін.