Құжат мәтініне өту

1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы

Қаулы · № 40 · қабылданған 27.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.02.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1981-1990-2008-ekb-38596/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 40 ·27.02.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы

ҚАЗ1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 40 · қабылданған 27.02.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы
Атауы (қаз.)
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
27.02.2008
Көрсетілген редакция
27.02.2008 · қолданыстағы 38596_322742.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZI000057
ЭКБ идентификаторы
38596
Редакция идентификаторы
38596_322742
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:56

0 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 8 шілде 2005 жылғы №74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 18 ақпан 2008 жылғы № 146 сұранысына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша 2008 жылы шақыру жасы 18-ге толған, сондай-ақ шақырудан қалдыру мерзімі өткен 1981-1990 жылдары туған азаматтарды көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру және уақытында облыстық әскери комиссариатқа жеткізу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (А.Қожанғалиев) жүктелсін.

2 2. Аудан бойынша 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы комиссия құрамы №1 жалғамаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Әскери шақыру кезеңінде дәрігерлік сараптау комиссиясы мүшелерінің еңбек ақыларын сақтай отырып негізгі жұмыстарынан босату, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде болуын қадағалау, қажетті құрал-жабдықтарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, флюрография, ЭКГ, тағы да басқа жұмыстардың сапалы өткізілуін, емдеуге жіберілген шақырушыларды емдеуді ұйымдастыру, емханада арнайы төсек орын бөлу Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау Департаментінің “Қаратөбе аудандық ауруханасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (Х.Ералин) жүктелсін.

4 4. Әскерге шақырушыларды тізім бойынша уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу, тасымал кезінде техника қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету селолық округ әкімдеріне міндеттілсін.

5 5. Аудандық әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, себепсіз келмегендерді, әскери міндеттен жалтарып жүргендерді іздестіру және тұрағын анықтап аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу, заңға сәйкесті шарасын алу аудандық ішкі істер бөліміне (Е.Бисенов) тапсырылсын.

6 6. Әскери қызметке шақыру кезінде іс-қағаз тасуға ақылы қоғамдық қызметіне үш адам бөлу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Ермеғали) жүктелсін.

7 7. Аудандық қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) әскерге шақырылғандарды аудан және облыс орталығына жеткізу үшін жанар-жағар майға қаржы бөлу тапсырылсын.

8 8. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.

9 9. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

10 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы комиссияның құрамы.

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
27 ақпандағы № 40 қаулысымен
бекітілген №1 жалғама
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы комиссияның құрамы.
Қожанғалиев Абай Ізімғалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы.
Альжанов Мұрат Нұрсұлтанұлы - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Искаков Серік Әділгерейұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
Мұқанов Марат Бақытжанұлы - жасөспірімдер дәрігері, терапевт, психиатр комиссия төрағасы
Әйіпов Руслан Қадырболатұлы - дәрігер-хирург
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы - лор дәрігері
Елеусинова Венера Жаукенқызы - көз дәрігері
Құрманғалиева Саржан - тіс дәрігері
Дощанова Марал - дәрігер-дерматолог
Үмбетова Светлана Төлегенқызы - дәрігер-невропотолог
Мухамедова Айгүл - медбике
Оразбаева Шара – медбике
Алтынбек Даржанов – дәрігер-рентгенолог
Серік Ондағанов - рентген лаборант
Қарашолақова Болған – медбике, комиссия хатшысы