«Об организации и проведении очередного призыва граждан Республики Казахстан 1981-1990 годов рождения на срочную военную службу в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының 1989- 1990 жылғы туған азаматтарын 2008 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 08 шілдесіндегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2008 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 563 Жарлығына, Қазақстан Республикасының қорғаныс істер Министрлігінің «Мерзімді әскери қызметкерлерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2008 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 128 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында Ақмола облысы, Ерейментау ауданының аумағында 1981-1990 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Әскерге алынушылардың дәрігерлік тексеріс орны мына мекен-жайда ұйымдастырылсын: Ерейментау қаласы, Ақын Аманжол Әлжанов кешесі, 9-шы үй «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істер бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды өткізетін комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің Ерейментау орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік мекемесіне (Б.М.Мирманов) әскерге шақырылушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінде қажетті төсек-орын кереуеттер бөлінуі ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Ерейментау аудандык емханасы» мемлекеттік қазыналы-коммуналдық кәсіпорны (М.Қ.Сулейменова) әскери қызметке шакыру кезінде медициналық комиссияны жоғары білікті дәрігер-мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерін іріктеп толықтырсын.
Тармақ 6
6. 2, 3 қосымшаға сәйкес 2008 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу кестесі бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ауданның түрлі ұйымдық-құқықтық үлгідегі кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшыларына әскерге алынушы азаматтардың дәрігерлік комиссияға келуін қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Ерейментау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2008 жылға көзделген аудандық бюджеттен ауыл, ауылдық округтерден аудан орталығына, аудан орталығынан облыс орталығына көлік құралдарымен әскерге шақырылушыларды тасымалдау үшін қаржы бөлсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында «Ерейментау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 5 адам көлемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қызмет көрсететін техник-мамандар бөлінсін.
Тармақ 10
10. Ауданның түрлі ұйымдық-құқықтық үлгідегі кәсіпорын, мекеме басшыларына 4 қосымшаға сәйкес қорғаныс істер бойынша бөлімі белгілеген уақытта шакыру комиссиясын техник-мамандармен, қызметші персоналмен және автокөлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Ауданның ауыл және ауылдык округ әкімдері Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскерге шақырылған азаматтарды мамандармен ертіп, ұйымдасқан тәртітіппен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін. Жазатайым окиғалардың алдын алуға негізделген барлық шаралар қолданылсын.
Тармақ 12
12. «Ерейментау аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) және «Ерейментау станциясының желілік полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) «Ақмола облысы Ерейментау аудандық қорғаныс істер бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірігіп аудандық жинақтау пунктінде, жөнелту станциясында тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери міндетін орындаудан бас тартқандарды іздестіру үшін іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 13
13. Ерейментау аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуіріндегі № а-4/124 «Қазақстан Республикасының 1980 - 1989 жылғы туған азаматтарын 2007 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын ұйымдастыру және өткізу туралы» Ерейментау ауданының Әділет Басқармасында 2007 жылдың 21 мамырында № 1-9-83 тіркелген, «Ереймен-Ерейментау» газетінің мемлекеттік және орыс тілдерінде 2007 жылдың 30 мамырындағы 60 нөмірінде жарияланған қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 14
14. Нақты қаулы Ерейментау аудандык Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 15
15. Осы қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 8 сәуірінде туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 16
16. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу Ерейментау ауданының әкімінің орынбасары С.Н.Дюсембаеваға жүктелсін.
Басқа 17. Аудандық әскерге шақыру туралы комиссияның ҚҰРАМЫ
Ерейментау аудандық әкімдігінің 2008 жылғы «08» 04 қаулысына № а-5/84 1 қосымша Аудандық әскерге шақыру туралы комиссияның ҚҰРАМЫ Виктор Михаилович Снежко - «Ерейментау ауданы қорғаныс істер бойынша бөлім» ММ бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Виктор Петрович Рябуха - «Ерейментау аудан денешыныктыру және спорт бөлімі» ММ бастығы, комиссия төрағасының орынбасары КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Әсет Әлиұлы Умаров - «Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша) Валентина Бартоломеевна Филяровская - Ақмола облысы денсаулық сақтау Департамент жанындағы «Ерейментау аудандык емханасы» мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорнының аға дәрігері, медицина комиссиясының төрайымы. (келісім бойынша) Гүлбану Амангелдікызы Кәрімжанова - Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналды-қазыналык кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы. (келісім бойынша)
Басқа 18. 2008 жылғы сәуір-мамыр аралығында 1981-1990 жылдары туған әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу кестесі
2 қосымша Ерейментау ауданының әкімдігінің 2008 жылғы «08» 04 № а-5/84 қаулысымен бекітілді 2008 жылғы сәуір-мамыр аралығында 1981-1990 жылдары туған әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу кестесі № п/п Ауылдық округтің аты Күні, айы, адам саны 02.04.08 03.04.08 04.04.08 07.04.08 08.04.08 09.04.08 10.04.08 11.04.08 14.04.08 1 Ерейментау қаласы 2 Олжабай батыр а/о Бозтал а/о 30 4 Звенигородка а/о 50 5 Күншалган а/о 6 Новодолинка а/о 50 7 Новомарковка а/о 50 8 Павловка а/о 50 9 Торғай а/о 50 10 Өлеңті а/о 50 11 Бестогай а/о 12 Изобильный а/о 50 13 Сілеті а/о 50 14 Койтас а/о 20 15 Ақмырза а/о Барлығы 50 50 50 50 50 50 50 50 50 кестенің жалғасы 15.04.08 16.04.08 17.04.08 18.04.08 21.04.08 22.04.08 23.04.08 24.04.08 25.04.08 28.04.08 29.04.08 30.04.08 50 50 50 20 24 50 50 50 50 50 30 50 26 28 22 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50
Басқа 19. 2008 жылғы қазан-желтоқсан аралығында 1981-1990 жылдары туған әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу кестесі
3 қосымша Ерейментау ауданының әкімдігінің 2008 жылғы «08» 04 № а-5/84 қаулысымен бекітілді 2008 жылғы қазан-желтоқсан аралығында 1981-1990 жылдары туған әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу кестесі № п/п Ауылдық округтің аты Күні, айы, адам саны 01.10.08 02.10.08 03.10.08 06.10.08 07.10.08 08.10.08 09.10.08 10.10.08 13.10.08 14.10.08 1 Ерейментау қаласы 50 50 2 Олжабай батыр а/о л Бозтал а/о 4 Звенигородка а/о 50 5 Күншалган а/о 50 6 Новодолинка а/о 7 Новомарковка а/о 50 8 Павловка а/о 50 9 Торғай а/о 50 10 Өлеңті а/о 11 Бестоғай а/о 30 12 Изобильный а/о 50 13 Сілеті а/о 50 14 Койтас а/о 15 Акмырза а/о 20 Барлығы 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 кестенің жалғасы 15.10.08 16.10.08 17.10.18 20.10.08 21.10.08 22.10.08 23.10.08 24.10.08 27.10.08 28.10.08 29.10.08 50 20 23 50 50 50 50 35 50 30 50 27 50 15 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50
Басқа 20. 2008 ЖЫЛҒЫ КӨКТЕМДЕ АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АВТОКӨЛІК БӨЛЕТІН МЕКЕМЕЛЕР, ҰЙЫМДАР МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
Ерейментау аудандық әкімдігінің 2008 жылғы «08» 04 № а-5/84 қаулысына 4 қосымша 2008 ЖЫЛҒЫ КӨКТЕМДЕ АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АВТОКӨЛІК БӨЛЕТІН МЕКЕМЕЛЕР, ҰЙЫМДАР МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІ № р/б Кәсіпорындардың атауы Кезекшілік мерзімі Саны Қаржы көздері 1 «Локомотив-2030» ЖШС «Екібастұз локомотив депосы» филиалының Ерейментау айналым депосы (келісім бойынша) «Ерейментау аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ өтінішіне сәйкес 1 Аудандық бюджет қаражаты 2 «Қазақстан темір жолы» К АҚ Ерейментау теміржол дистанциясы филиалы (келісім бойынша) «Ерейментау аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ өтінішіне сәйкес 1 Аудандық бюджет қаражаты 3 «Ақжол-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) «Ерейментау аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ өтінішіне сәйкес 1 Аудандық бюджет қаражаты 4 ЖШС «Ерейментау жолаушылар автобазасы» (келісім бойынша) «Ерейментау аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ өтінішіне сәйкес 2 Аудандық бюджет қаражаты