1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 22, 23 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 568 «Белгілеген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Дайрабаев (келісім бойынша) 1981-1990 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (№ 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды «Жарма ауданының орталық ауруханасы» КҚМҚ бас дәрігері Т.Брынзова (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман- дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлсін;
Тармақша 2
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстасын;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінін 2005 жылгы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылгы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы тізімін, келесі мерзімді әскери қызметке шақыруда емделгендердің келуін қамтамасыз ету;
Тармақ 5
5. Селолық округтер, кенттер және Шар қаласының әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 6
6. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А.Өмірзақов (келісім бойынша) ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2008 жылдың 1 сәуірінен техникалық жұмысшыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын;
Тармақ 7
7. Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңың орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) шақыру медициналық комиссия кезінде тәртіпті ұстау үшін полиция нарядын бөлу;
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Қаулы баспасөз құралдырында ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді. Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Г. Дайрабаев Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаев Жарма ауданының орталық ауруханасы Коммуналды қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Т. Брынзова
Басқа 16. 1981-1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Жарма ауданы әкімдігінің 2008 жылғы « 02 » сәуір № 106 қаулысына 1-қосымша 1981-1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы 1. Ғалымсерік Битемірұлы Дайрабаев - ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) 2. Қүрма Нүкенқызы Төлеубаева - ішкі саясат бөлімінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша). Комиссия мүшелері: 3. Ерболат Қинашұлы Айдаболов - ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) 4. Шайза Рафағатқызы Дайырова ауданның орталық аурухананың аға дәрігері (келісім бойынша) 5. Айжан Қасымбайқызы Ахметова ауданның орталық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша) Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ғ. Дайрабаев
Басқа 17. Мерзімді әскери қызметтен өту үшін 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың көктемдегі әскерге шақыруды өткізу кестесі
Жарма ауданы әкімдігінің 2008 жылғы « 02 » сәуір № 106 қаулысына 2-қосымша Мерзімді әскери қызметтен өту үшін 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың көктемдегі әскерге шақыруды өткізу кестесі № р.с. Әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы Өту мерзімдері Көктем 1. Әуезов кенті 03.04.2008 2. Аршалы ауылдық округі 07.04.2008 3. Ақжал ауылдық округі 08.04.2008 4. Белтерек ауылдық округі 08.04.2008 5. Божығұр ауылдық округі 04.04.2008 6. Бірлік ауылдық округі 09.04.2008 7. Бірлікшіл ауылдық округі 09.04.2008 8. Қалбатау ауылдық округі 15.04.2008- 17.04.2008 9. Делбегетей ауылдық округі 04.04.2008 10. Жайма ауылдық округі 04.04.2008 11. Жаңғызтөбе кенті 08.04.2008 12. Жарма кенті 10.04.2008 13. Жарық ауылдық округі 10.04.2008 14. Қарасу ауылдық округі 09.04.2008 15. Қаратөбе ауылдық округі 10.04.2008 16. Қапанбұлақ ауылдық округі 07.04.2008 17. Қызылағаш ауылдық округі 10.04.2008 18. Суықбұлақ ауылдық округі 04.04.2008 19. Терістаңбалы ауылдық округі 04.04.2008 20. Үшбиік ауылдық округі 07.04.2008 21. Шалабай ауылдық округі 03.04.2008 22. Шар қаласы 11.04.2008; 14.04.2008 Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ғ. Дайрабаев