1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бап 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1.04. №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының негізінде, әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жоспарлы және ұйымшылдықпен жіберу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының аумағындағы 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыртуды қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру пункті мына мекен-жайда ұйымдастырылсын: Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 211 ғимарат, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы 20-бапқа сәйкес, аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, комиссияның толық емес құрамда жұмыс істеуіне жол бермеу және азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық аурухананың Бас дәрігеріне ұсынылсын, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясының қарамағына әскерге шақырылушыларды дәрігерлік анықтамадан өткізу үшін қажетті сандағы маман - дәрігерлер мен орта медициналық персоналдарды бөлсін;
Тармақша 2
2) аудандық орталық аурухананың стационарында шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша барған әскерге шақырушылардың денсаулықтарын қосымша тексеруден өткізу үшін резервті керуеттер болсын, қосымша тексерулер шақыру комиссиясы белгілген мерзімде өткізілсін;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі медициналық куәлендіру туралы Ережеге» сай, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша шақыру комиссиясын қажетті медициналық және шаруашылық құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушылардың әскери қызметке жарамдылықтарын шешуде тексеруден өткізу үшін рентген пленкаларының резерві болсын;
Тармақша 5
5) әскерге шақырылушы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аяқтаған соң, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің берген тізімі бойынша емделуді қажет ететін азаматтар емдеу мекемелеріне бекітіліп, кезекті шақыруға дейін оларға емдеу жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын кестесі, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ақкөл аудандық ішкі істер болімінің бастығына:
Тармақша 1
1) Ақкөл аудандық қорғаныс істері бөлімі, әскерге шақырылушылардың бұрын сотталғандығы, қылмыстық жазасын өтегендігі, қылмысты үшін сотта және тергеуде жүргендігі туралы ақпарат берсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына жіберу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Әскери міндеттен бас тартқандар іздестірілсін.
Тармақ 8
8. «Кұқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, осы қаулы құқықтық қатынастарға 2008 жылы 3 сәуірде енеді.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/155 «1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысы күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2008 ж.
3 сәуір № А-4/122
қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Нұрмағамбетов Келден Төлегенұлы Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы
Сейітов Ахмет Мағзұмұлы ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Досжанов Болат Қаметұлы Ақкөл АІІБ бастығының кадрлар және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Жунісова Гулбаршын Қашанқызы дәрігер-терапевт
Гернер Александр Иванұлы әскери қызметтен тыс бөлім бастығының көмекшісі
Тақысов Сайлау Сағындықұлы аудан әкімі аппараты заң бөлімінің АҚ және ТЖ мәселесі жөніндегі жетекші маманы
Роппель Любовь Поликарповна медбике, комиссия хатшысы
Басқа 21. 2008 жылғы сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылатын, 1981-1990 жылы туған жас өспірімдердің дәрігерлік комиссиядан өту кестесі.
2008 жылғы 03 сәуір
Аудан әкімдігінің №А-4/122
қаулысымен бекітілген
қосымша
2008 жылғы сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылатын, 1981-1990 жылы туған жас өспірімдердің дәрігерлік комиссиядан өту кестесі.
Кеуде қуысын рентгентке түсіру және анализдерді тапсыру сагат 8.00-ден 10.00-ге дейін орталық аудандық ауруханада және отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда.
Ауылдық, селолық округтердіц әскери-есептік үстелдерінің инспекторлары 1981-1990 жылы туған жас өспірімдерді аудандық дәрігерлік комиссиядан өтуге алып келгенде, өздерімен бірге анализ қорытындыларын алып келсін.