1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндетіллік және әскери қызмет туралы» № 1897-XII , 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және аттандыруды ұйымшылдықпен сапалы өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 03.04.2008 г. № 58/4 (1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Май ауданының аумағында 2008 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Май аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков) азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуге жұмыс тәжірибесі бар қажетті санатты дәрігер-мамандар мен орта буын персоналмен қамтамасыз етсін.
1) әскерге шақырылушылар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды айнаға түсуін және зертханалық тексеруден өтуін;
2) стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігерлік комиссиясының қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды орынмен қамтамасыз етіп, қысқа мерзімде тексеруден өтуін;
3) анықталған аурудан әскерге шақырылушыларды емдеу профилактикалық мекемелерге бекітіп, келесі әскерге шақыру мерзіміне дейін емделуін;
3. Барлық меншік нысанына қарамастан, мекеме, кәсіпорын басшылары әскерге шақырылушыларды сапалы мінездемен қамтамасыз етсін.
4. Селолық округ әкімдері:
Азаматтарды дер уақытында хабарландырылуын және аудандық шақыру пунктіне келуін бақылауға алып , шақыру комиссиясының өтуін, себепсіз жағдаймен шақыру комиссиясына келмеген азаматтарды іздестіру шараларын ұйымдастырсын.
5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру шараларын сапалы түрде жүргізу және құжаттарды реттеу мақсатында аудындық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Мұқатаев) 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында техникалық қызметкер ретінде 4 адам бөлсін.
6. Азаматтарды селолық округтерден шақыру учаскесіне, облыстық бақылау комиссиясына, дәрігерлік мекемелерге жеткізу және автобус автокөлігін жалға алуға келісім-шарт жасалсын.
7. Май аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ә. Қоңыржанов) азаматтарды әскери қызметке шақыруға байланысты шағындарды өтеу кестесіне сәйкес қаржыны бөлсін .
8. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру дайындықтары, оны өткізу барысы, қорытынды жұмыстары жоніндегі ақпараттар, хабарламалар аудандық газетке жариялансын.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау өзіме жүктелсін.
10. Ресми жарияланған күннен кейін 10 күннүң ішінде Заң күшіне енеді.
Келісілді:
Май ауданының қорғаныс
стері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор С. Бектеміров
Май ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «3» сәуірдегі
«1981 - 1990 жылдары туған
азаматтарды 2008 жылдың сәуір-
маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы»
№ 58/4 қаулысына 1-қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Бектеміров Серік Болатұлы – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Ахметжанов Мұрат Мұсалы – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Кәрімов Болат Уәнұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім боынша)
Кәметова Ақтолқын Мәуітбекқызы – аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары (келісім боынша)
Айтқазина Зәмзәгүл Сайлаубайқызы – медбибі, комиссия хатшысы