Об организации и обеспечении очередного призыва граждан 1981-1990 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының негізінде Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру Ақмола облысы, Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі 20 мекен жайдағы Егіндікөл аудандық емханасында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрылсын, әскерге шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Егіндікөл аудандық емханасының бас дәрігері:
Тармақша 1
1) білікті дәрігер - мамандардан, орта медициналық персоналдан медициналық комиссия құрсын;
Тармақша 2
2) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімнің қарамағына азаматтарды куәландыру үшін қажетті дәрігер-мамандар мен орта медициналық персонал бөлсін.
Тармақ 4
4. Егіндікөл орталық аудандық ауруханасында Астрахан ауданы қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімнің жолдамасымен келген азаматтарды қосымша тексеруден өткізу үшін кереует резервтерінің болсын.
Тармақ 5
5. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру қағаздарын тапсыруды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлері есебінен әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру пунктіне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін;
Тармақ 6
6. Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімді тергеуде жүрген, бұрын сотталған, жазасын өтеп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабардар етсін; әскерге шақыру пунктінде және бөлімдерге жіберу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясына және бөлімдерге аттандыруға келмеген әскерге шақырылушыларға іздеу жүргізу;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды тасуға бөлінген көліктің техникалық жағдайын тексеру.
Тармақ 7
7. Әскерге шақырылу іс-шараларын орындауға байланысты шығыстар 2008 жылға арналған бюджетте қарастырылған шығыстар есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 8
8. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарында орташа жалақысы сақталсын.
Тармақ 9
9. Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № а-5/136 «1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымы мен қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы», Егіндікөл ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 4 маусымда № 1-8-54 тіркелген, «Шүғыла-Целинная нива» газетінің 2007 жылғы 15 маусымдағы № 20 санында жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының әрекеті 2008 жылғы 3 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 20. АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
2008 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/98 Аудан әкімдігінің қаулысына 1 қосымша АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Әубәкіров Әділхан Исаходжаұлы - Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Ысқақова Жанат Советқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Байымбетов Оразбек Базаубекұлы - Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Лебига Татьяна Андреевна - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Пистоль Римма Аркадьевна - Егіндікөл аудандық емхананың медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 21. АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ
2008 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/98 Аудан әкімдігінің қаулысына 2 қосымша АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ № Ауыл және ауылдық округтер Уақыты - 8.30 - 18.00 дейін сәуір - маусым қазан - желтоқсан 1 Абай ауылы 6 14 2 Спиридоновка ауылы 25 25 3 Алакөл ауылдық округі 25 25 4 Бауман ауылдық округі 22 22 5 Буревестник ауылы 8 8 6 Егіндікөл ауылы 109 109 7 Жалманқұлақ ауылдық округі 16 16 8 Қоржынкөл ауылы 11 11 9 Ұзынкөл ауылдық округі 34 34 ЖИЫНТЫҒЫ: 256 264