Индер аумағында тұратын 1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Индер аумағында тұратын 1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74- III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 563 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестелері бекітілсін (3, 4 қосымшалар).
Тармақ 5
5. Аудандық емханаға (А. Доспаева) (келісім бойынша), аудандық орталық ауруханаға (Е. Сабыров) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын медициналық куәландыру, дәрігерлік комиссияны қажетті маман медбикелермен толықтыру;
Тармақша 2
2) шақыру комиссияның жұмысы кезінде қажет болған жағдайда маман-дәрігерлерді облыстық денсаулық сақтау департаменті арқылы алдырту;
Тармақша 3
3) дәрігер мамандарды, медбикелерді негізгі жұмыс орнын сақтай отырып босату;
Тармақша 4
4) дәрігер мамандарды қажетті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) шақыру комиссиясы уақытында емделуге жіберілген азаматтардың аудандық ауруханада дер кезінде емделіп,сауықтырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) шақыруға жататын азаматтарды уақытында сапалы флюорографиялық тексеру және жалпы анализдерін, қан құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Округтер әкімдеріне тиісті әкімінің аппаратынан өкіл бөле отырып, шақырылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалтарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкері арқылы шығаруды қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (І.Хамзин) 2008 жылғы көктемгі және күзгі шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Маштахов) мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Ж. Сұлтанғалиев) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасап, 2008 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудан әкімінің аппаратына хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы бөліміне (А.Серікқалиева) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне қажетті дәрі-дәрмектерге, медициналық құрал-жабдықтарға, іс-қағаздарына тазалық жұмыстарына және шақырылушыларды тасымалдау үшін қаржы аудару міндеттелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы Ж.Сұлтанғалиев
«15» сәуір 2008 жыл
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері Е.Сабыров
«15» сәуір 2008 жыл
Аудандық емхананың
бас дәрігері А.Доспаева
«15» сәуір 2008 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы І.Хамзин
«15» сәуір 2008 жыл
Аудандық қаржы бөлімінің
бастығы А.Серікқалиева
«15» сәуір 2008 жыл
Басқа 18. Комиссия мүшелері:
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«30» сәуірдегі №98 қаулысына
1 қосымша
Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссиясының құрамы
Сұлтанғалиев Жамбыл Байтұрсынұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Мұқышев Жұлдыз Сапарғалиұлы – аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, төрағаның орынбасары;
Гильманова Роза – медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Аязғалиев Арман Батырханұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Доспаева Анар Хамидоллақызы – аудандық емхананың бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша).
Басқа 19
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«30» сәуірдегі №98 қаулысына
2 қосымша
2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссиясының негізгі және қосалқы құрамы
Доспаева Анар – дәрігерлік комиссияның төрайымы
№
Мамандығы
Негізгі
Қосалқы
1.
Хирург
Ағзамов Аманжол
Сапиев Қаршыға
2.
Терапевт
Есқалиева Жанар
Таудаев Қайыржан
3.
Кардиолог
Тұнғатарова Айман
4.
Отоларинголог
Доспаева Анар
5.
Окулист
Құсайынова Анар
Агзамов Аманжол
6.
Невропатолог
Ермекқалиева Айжан
7.
Психиатр
Бакенова Ханбибі
8.
Стоматолог
Жасақбаева Тамара
Қожасов Нұртас
9.
Фтизиатр
Кетебаев Сапарғали
10.
Рентгенолог
Кетебаев Сапарғали
11.
Дерматолог
Қаражанова Күляш
12.
медбике
Мұқаналиева Жаңылсын
13.
Медбике
Шаханова Қадиша
14.
Медбике
Хайруллина Сәнжан
15.
Медбике
Ысқақова Дариға
Басқа 20
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«30» сәуірдегі №98 қаулысына
3 қосымша
Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестесі
№
Округтер
22.06
23.06
26.06
27.06
28.06
29.06
30.06
3.07
4.07
5.07
1
Көктоғай
селолық
округі
Х
Х
2
Өрлік селолық
округі
Х
Х
3
Кулагино селолық
округі
Х
Х
4
Кулагино селолық
округі
Х
Х
5
Горы селолық
округі
Х
Х
6
Жарсуат
ауылдық
округі
Х
Х
7
Бөдене
ауылдық
округі
Х
Х
8
Индер
қалашығы
Х
Х
9
Индер
қалашығы
Х
Х
10
Қосалқы күн
Х
Басқа 21
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«30» сәуірдегі №98 қаулысына
4 қосымша
Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестесі
№
Округтер
3.10
4.10
5.10
6.10
9.10
11.10
12.10
13.10
16.10
17.10
1
Көктоғай
селолық
округі
Х
Х
2
Өрлік селолық
округі
Х
Х
3
Кулагино селолық
округі
Х
Х
4
Кулагино селолық
округі
Х
Х
5
Горы селолық
округі
Х
Х
6
Жарсуат
ауылдық
округі
Х
Х
7
Бөдене
ауылдық
округі
Х
Х
8
Индер
қалашығы
Х
Х
9
Индер
қалашығы
Х
Х
10
Қосалқы күн
Х