Ауданда тұратын 1981-1990 жылдары
туылған ер азаматтарды 2008 жылдың
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 – тармағының 8-тармақшасына сәйкес аудандық әкімияты Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563"Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауданда тұратын 1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 28.04.2008 г. № 216 (Ауданда тұратын 1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Шақыру кейінге қалдыруға шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. 1 қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
3. 2 қосымшаға сәйкес Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілер бөлінсін.
4. Аудандық шақыру пунктін жабдықтау және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарына кететін шығынның көлемі жергілікті бюджет арқылы анықталып, көктемгі және күзгі әскерге шақыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін, материалдық – техникалық жағынан толық қамтамасыз етілсін.
5. Көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыруға байланысты міндеттерін атқаруға тартылған азаматтардың (аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерін) өз міндеттерін атқару іс-сапармен байланысты болса, іс-сапар шығындары төленсін.
6. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пунктіне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың жұмыс орындары бойынша еңбекақысы сақталуы қамтамасыз етілсін.
7. Селолық округ әкімдері:
1) Шалғайдағы селолық округтерде тұратын әскер қатарына шақырылушы азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін белгіленген уақытта аудан орталығына жеткізуге, сондай-ақ шақырушыларды тасымалдау үшін автокөліктер бөлсін.
8. Аудандық емханаға (келісім бойынша):
1) Әскер қатарына шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, орта буын медицина персоналымен қамтамасыз ету және медициналық комиссия құру;
2) Әскер қатарына шақырылушылардың флюрографиялық (рентгенографиялық) зерттеуден өтуін, қанның тобы мен резус факторының анықталуын, қанның және несептің жалпы талдауын, электрокардиографиядан өткізілуін, микрореакциясының анықталуын жүзеге асырып, бақылау жасау;
3) Жергілікті селолық ауруханаларда, дәрігерлік емханаларда және медициналық пункттерде сақталатын әскер қатарына шақырылушылардың Ф-25/у амбулаториялық (стационарлық) аурулардың жеке картасы формаларының шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияның отырысы кезінде міндетті түрде болуын қамтамасыз ету;
4) 3-қосымшаға сәйкес әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын тексеру үшін медициналық куәландыру комиссиясын құру, оны қажетті маман-дәрігерлермен толықтыру;
5) 4,5-қосымшаларға сәйкес әскер қатарына шақырушылардың флюрографиялық байқаудан және дәрігерлік комиссиядан өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):
1) Әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
2) Шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.
10. Ауданның барлық мекеме, шаруашылық, ұйым басшылары, шаруа қожалықтары мен серіктестік төрағаларынан (меншік түріне қарамастан) әскер қатарына шақырылушы азаматтарды, олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету сұралсын.
11. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (келісім бойынша) әскер қатарына шақыру науқаны кезінде олардың іс-қағаздарының толық болуын қамтамасыз ету, шақыру комиссиясының жұмысын және әскер қатарына шақырушыларды облыстық дәрігерлік тексеру комиссиясына, әскер қатарына аттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындалғаны жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.
12. Аудандық қаржы бөлімі 2008 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Арыстановқа жүктелсін.
14. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қаулы ескертулерсіз келісілді:
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы Б. Қартқожақов
27.04.2008 ж.
Аудандық емхананың
бас дәрігері А. Жұмыров
28.04.2008 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы Р. Мырзабаев
27.04.2008 ж.
Аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 сәуір № 216
қаулысына 1-қосымша
Ауданда 1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссияның құрамы
Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы
-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы
-аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру –кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Амиржанов Болат Орынғалиұлы
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Тажмагамбетов Қайрат Хамидоллаұлы
-аудандық емхананың дәрігері, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша)
Майбасова Құндыз Сапарқызы
-аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 сәуір № 216
қаулысына 2-қосымша
1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техниалық қызметкерлер
Р/с
Мекеменің атауы
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер
1
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
25 мамыр – 30 маусым
1 қазан – 28 желтоқан
1
2
Махамбет селолық округі әкімі аппараты
25 мамыр – 30 маусым
1 қазан – 28 желтоқан
4
Аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 сәуір № 216
қаулысына 3-қосымша
1981-1990 жылдары туылған ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның құрамы
Тажмағамбетов Қайрат Хамидоллаұлы – дәрігерлік комиссияның төрайымы
Р/с
Мамандығы
Аты-жөні
1
Оташы
Алламбергенов Орынбай
2
Емдеу дәрігері
Рахметова Жанна
3
Құлақ-мұрын дәрігері
Мұстағалиева Анар
4
Тері аурулары дәрігері
Мырзағалиева Света
5
Тіс дәрігері
Оспанова Алма
6
Фтизиатр
Еспосынов Жалғас
7
Рентгенолог
Жақсығалиев Мүбәрак
8
Медбикелер
5 адам
Аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 сәуір № 216
қаулысына 4-қосымша
2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер қатарына шақырушылардың флюрографиялық байқаудан өту мерзімдері
Р/с
Селолық округ атаулары
Флюрографиялық байқаудан қөту күндері
1
Алмалы
26.05
1.10
2
Ақтоғай
27.05
2.10
3
Сарытоғай
27.05
2.10
4
Алға
28.05
3.10
5
Есбол
28.05
6.10
6
Ақжайық
29.05
7.10
7
Жалғансай
30.05
8.10
8
Сарайшық
30.05
8.10
9
Бақсай
02.06
9.10
10
Бейбарыс
03.06
10.10
11
Махамбет
03.06
13.10
Аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 сәуір № 216
қаулысына 5-қосымша
2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер қатарына шақырушылардың дәрігерлік комиссиядан өту күндері
Р/с
Селолық округ атаулары
Флюрографиялық байқаудан қөту күндері
1
Алмалы
28.05
2.10
2
Ақтоғай
29.05
3.10
3
Сарытоғай
29.05
3.10
4
Алға
30.05
6.10
5
Есбол
30.05
7.10
6
Ақжайық
02.05
8.10
7
Жалғансай
03.05
9.10
8
Сарайшық
03.05
9.10
9
Бақсай
04.06
10.10
10
Бейбарыс
04.06
13.10
11
Махамбет
05.06
14.10
Комиссия күндеріне қосымша (резерв)
Мпусым айының – 09, 16, 23
Қазан – 20, 27
Қараша – 3, 10, 17,24
Желтоқсан – 1, 8, 15,22