Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтардың 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтардың 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 23-бабының 1-тармағы және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2006 жылғы шілдедегі «Әскери қызметтке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» № 623 Қаулысына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан аралығында 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына Өтеген батыр кенті, Титов көшесі. № 30 мекен - жайында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Кенттік және селолық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырушыларға шақыру қағазы тапсырылсын және көрсетілген күнге аудандық қорғаныс бөліміне шақыру комиссиясына келуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Шақырушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін қажетті көлікпен қамтамасыз етілсін. Шақырушыларды тасу кезінде алдын-ала сақтандырылу шаралары қолдансын;
Тармақша 3
3) Шақыру пунктіне жіберер алдында шақырушылардың арнайы шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттары тексерілсін.
Тармақ 3
3. «Іле ауданының орталык ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Бақытгүл Ескендіркызы Тұрсынмұратова):
Тармақша 1
1) Шақыру комиссиясының өкіміне сәйкес, әскерге шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін білікті дәрігер- мамандармен және орта медициналық қызметшілерді бөлу ұсынылсын.
Тармақша 2
2) Аудандық емдеу мекемесі аркылы кеуде клеткасы органдарының флюрографиясын, электрокардиограмма және басқа дәрігерлік тексеруді 2008 жылғы көктемгі, күзгі жоспарға сәйкес тегін тексерілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Әскерге шақырушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде бес төсектің бөлінуі ескерілсін;
Тармақша 4
4) Әскери-дәрігерлік комиссияны керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) Азаматтарды мерзімділік әскери қызметке шақыру өткізілгеннен кейін және аудандық қорғаныс бөлімінің ұсынған тізімімен емделуді қажет ететіндерді, емдеу үшін аудандық емдеу мекемелеріне бекіту және келесі кезекті шақыруға дейін емдеумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығына (Қазербаев Данияр Қамалбекұлы):
Тармақша 1
1) Әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру мен ұстауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) Әскерге шақырушылардың әскери бөлімге жөнелтілуі және кетуі кезінде коғамдык тәртіптің сақтауын қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін техникалық жұмысшылармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық шақыру комиссиясы өз тәжірибелік жұмысында Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23,27,28 бабтарының талаптары қатал басшылыққа алынсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Әшірбаев Нұрғанат Өксіханұлы) азаматтарды міндетті әскер қатарына шақырудың қорытындысы мен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне хабардар етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.