Об организации и проведении очередного призыва граждан 1981 - 1990 годов рождения на срочную воинскую службу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кезекті әскери қызметке 1981 – 1990 жылдары туған азаматтарды жедел әскери шақыруды ұйымдастырып өткізу туралы Қазақстан Республикасының «қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, жастарды әскерге жіберу және мерзімді жедел әскери қызметке кезекті шақырылуын сапалы өткізу мен ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақырушыларға дәрігерлік куәландыруды ұйымдастырып, жедел әскери қызметке шақыру туралы шешім қабылдау және шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жасақтарының түрлеруне, басқа жасақтар мен әскери құрамаларға белгілеу, шақырылудан мұрсаттық құқығы шектелген және босатылуын ұсыну үшін аудандық шақыру комиссиясының (бұдан әрі- Комиссия) құрамы құрылсын: Сарин Арман Кәкімұлы – ҚІБ бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Қасенов Елемес Бұлтықүлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Рспаев Ерлан Шектібайұлы – «Ертіс ауданының әшкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Жүсіпов Хамит Мүтәләпұлы – «Ертіс ауданының емханасы» коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорынның дәрігер-хирургі, (бұдан әрі- Ертіс ауданының емханасы), медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. 2008 жылдың сәуір-маусым айларында шақыру комиссиясының мәжілісі өткізілсін және медициналық куәландыру мен шақыруды өткізу бойыша дайындық жұмыстары жүргізіліп, әскерге жөнелтуді толықтырылуы жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Шақыру орны Ертіс ауданының ҚІБ ғимараты болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Ертіс аудандық емханасының бас дәрігері С.А. Арыновқа жүктелсін:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды медициналық куәландыру жұмысында тәжірибесі дәрігер-мамандар, орта медициналық қызметкерлердің қажеті саны бөлінсін;
Тармақша 2
2) шақырылушылардың барлығын ҚІБ есеп айырысуы мен жоспарына сәйкес рентгенологиялық, лабораториялық зерттеулермен қамтамасыз етіп, оның нәтижесін ҚІБ Комиссиясына күні бұрын тапсырсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссияны медициналық және шаруашылық мүліктермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жедел уақыт аралығында медициналық комиссияның жолдауымен жастарды қосымша зерттеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) анықталған уақыт аралығында медициналық комиссияның жолдауымен жастарды қосымша зерттеуді қамтамасыз ету;
Тармақ 5
5. Шаруа қожалықтары басшыларының (келісім бойынша) қолдаумен ауыл және ауылдық округтердің әкімдеріне міндеттелсін:
Тармақша 1
1) ҚІБ көрсетілген күндері бойынша, шақыруға жарамды азаматтарға арнайы шақыру қағаздарын табыс етуін ұйымдастыру және комиссияға келуін, жөнелтуді қамтамасыз ету, демалысқа және іс-сапарда жүрген азаматтар шақырылсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды тасымалдау кезінде келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қолдансың;
Тармақша 3
3) жедел әскери қызметке шақырылатын шақырылушылардың салтанатты жіберулері ұйымдастырылсың;
Тармақша 4
4) шақыру учаскесіне шақырылушыларды тасымалдауға, Комиссиядан өтіп қайтуға, сонымен қатар, Қарулы Күштер қатарына жіберу, сонымен қатар басқадай Қазақстан Республикасы әскери жасақтарына жеткізуге жабдықталған және жылы арнайы автокөлікті өз қарамағында болсын;
Тармақша 5
5) шақыру учаскесінде шақырылушылардың жөнелтуін алдында шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттардың баршылығын тексеруі қадағалансын.
Тармақ 6
6. «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2008 жылдың сәуір-маусым айларында шақыру кезінде және әскерге жөнелтуін ҚІБ, техникалық жұмыстарды жасау үшін төрт адам бөлсін.
Тармақ 7
7. ІІБ бастығы Б.Ж. Дүйсекеновке (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру учаскесінде, автостанцияда және өзге шақырылу жиындары орындарында, шақыру комиссиясын өткізу кезеңінде және әскерге жөнелтуде қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатынды ҚІБ сұранысы бойыншы полиция жасақтары бөлінсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданбалы заңнамасына сәйкес, кезекті әскери қызметке шақырудан жалтарушы азаматтарды іздестіру және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолдану.
Тармақ 8
8. 2008 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы күшіне енген күннен кейін осы қаулы күшіне енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулы аудандық «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде жариялануға жатады.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б. Қасеновке және Ертіс ауданының ҚІБ бастығы А.К. Саринге (келісім бойынша) жүктелсін. Келісілді Ертіс ауданының ҚІБ бастығы Б. Дүйсеновке 2008 ж. 14 03 Келісілді Ертіс ауданының ҚІБ бастығы А. Сарин 2008 ж. 14 03