Құжат мәтініне өту

«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»

Қаулы · № 957 · қабылданған 15.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1982-1991-2009-ekb-48055/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы» Күшін жойған Қаулы ·№ 957 ·15.09.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»

ҚАЗ«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»

Күшін жойған Қаулы ·№ 957 · қабылданған 15.09.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»
Атауы (қаз.)
«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
957
Қабылданған күні
15.09.2009
Көрсетілген редакция
16.04.2010 · қолданыстағы AI48055_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
16.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DB000090
ЭКБ идентификаторы
48055
Редакция идентификаторы
AI48055_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:24

0 «1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына және 44 бабына сәйкес, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалалық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.

2 2. Шеңгелді (Е.А.Қойлыбаев) және Заречный (С.Ш. Даданбеков) ауылдық округтерінің әкімдері:

1 1) 2009 жылғы қазан-желтоқсан айларында 1982 – 1991 жылдары туылған азаматтардың әскери қызметке шақырылуын Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы қамтамасыз етсін;

2 2) шақырылушыларды әскери бөлімшеге жеткізу үшін автокөлік бөлінуін қамтамасыз етсін.

3 3. «Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Ә.С. Үәліханов, келісім бойынша):

1 1) қалалық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандарымен және орта буын медициналық қызметшілерімен жасақтасын;

2 2) әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;

3 3) шақырылушылардың жұқтырылған қорғаныш тапшылықтары белгісінің инфекцияларын және адамның қорғаныш тапшылығы қарсы тегінің тексерілуін қамтамасыз етсін;

4 4) әскерге шақырылушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде 5 төсектің бөлінуін ескерсін;

5 5) әскери-дәрігерлік комиссиясын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.

4 4. Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі (М.Б.Құсаинов, келісім бойынша):

1 1) қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған шақырылушылардың тізімін Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген мерзімде тапсырсын;

2 2) қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиын орыны мен шақырылушыларды жіберу пунктерін күшейтілген кезекшілермен қамтамасыз етсін;

3 3) мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүргендерді оперативті түрде іздестіруді және ұстауды ұйымдастырсын.

5 5.«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ.Айттегі) және «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.С. Ешімова) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғау конституциялық міндетін мүліксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмысын жандандырсын.

6 6. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.С.Ешімова):

1 1) кәсіпорындар мен оқу мекемелерінде бозбалалардың дене бітімі жағдайын бақылауды ұйымдастырып, әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын;

2 2) әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу дәстүрін ұйымдастырсын.

7 7. Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Қ.Қ.Орынбаев, келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты қала әкімдігіне 2009 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде тапсырсын.

8 8. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Б. Соппекова) әскерге шақыру жұмысының жүргізілуіне байланысты қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қосымша 15 қызметкерлер бөлінуін қамтамасыз етсін.

9 9. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Қожахметов) шақыру жұмысының жүргізілуіне байланысты қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қаржы бөлуін қамтамасыз етсін.

10

10. Қапшағай қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 2-2-80 тіркелген Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі «1982-1991» жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатардағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 229 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2009 жылдың 09 мамырында «Нұрлы өлке» газетінің 18 санында жарияланған).

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.

12 12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

25 Комиссия мүшелері:

«1982-1991 жылдары туылған
азаматтарды 2009 жылдың
қазан-желтоқсан айларында
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарындағы
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізуін
ұйымдастыру туралы» Қапшағай
қала әкімдігінің 2009 жылғы
«15» қыркүйек № 957 қаулысына
қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Орынбаев Құрмет Қабдашұлы
Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Орманов Мақсат Әлибекұлы
Қала әкімі аппаратының әскери - жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Бейсеитова Гүлғасыл Айтмұхамбетқызы
«Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емхана меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрайымы
Жанзақова Базаркүл Махметқызы
«Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны емханасының медбикесі, комиссия хатшысы
Қалдыбаев Мансұр Мұқатайұлы
Қапшағай қалалық ішкі істер бөлім бастығының қызмет жөніндегі орынбасары