О проведении приписки граждан 1982 года рождения к призывным участкам в 1999 году Күшін жойған
Басқа 0
1982 жылы туған азаматтарды 1999 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
«Жалпыға бірдей әскери міндет жәнс әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, «Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы №1072 Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық әскери комиссариаттар тіркейтін жылда 17 жасқа толатын, сондай-ақ бұрын шақыру учаскелеріне тіркеуден өтпеген азаматтарды 1999 жылдың каңтар-наурыз айларында шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар әкімдері әскеркомдар карамағьна медициналық куәландыруға жабдықталған, келген шақырылушыларды орналастыратын үйлер, техникалық қызметкерлердің кажетті мөлшерін, әскерге шакырылатындарды куәландыруға, жеткізуге, іздеуге арналған қамтушы қызмет адамдарын және автокөлік берсін.
1982 жылы туған азаматгардың ересектерге ілесіп ұйымдаскан түрде және уақтылы тіркеуге келуі қамтамасыз етілсін, жастардын шақыруға дайындығына, науқас шакырылушыларды емдеуте бақылау жасау күшейтілсін.
«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына сәйкес дәрігер- мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің, техникалық қызметкерлердін, қамтушы қызмет адамдарынын еңбегіне ақы төлеу және тіркеу кезінде әскерге шакырылушыларды іздестіру мен шақыру учаскелеріне жеткізу жөніндегі көлік шығындары жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андағүлов К.Б.) әскеркомдардын қарауына тіркеу жөніндегі комиссиялардағы жұмыс үшін білікті дәрігер-мамандар мен медицина қызметкерлерін бөлсін, шақыру учаскелерін кажетті медикаменттермен, кұралдармен және медициналық мүлікпен жабдықтасын, флюорографиялык, кардирлогиялык және тексерудін басқа түрлерін өткізуді қамтамасыз етсін.
Қалалық және аудандық емдеу мекемелерінде шакырылушыларды клиникалық тексеру және емдеу үшін кажетті көлемде төсек бөлсін. Тіркеу кезінде шақырылушыларды тексерудін барлық түрлерін жүргізу мен емдеу іс жүзінде жұмсалған қаражаттар бойынша жергілікті бюджеттер есебінен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Лұқпанов Т.М.) тіркеу кезінде жергілікгі ішкі істер органдарынын әскери комиссариаттармен өзара іс-қимылын ұйымдастырсын, әскери комиссариаттарға тіркеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге ықпал жасасын. шақыру учаскелеріндегі тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз етсін.