О проведении приписки граждан 1982 года рождення к призывным участкам Күшін жойған
Басқа 0
1982 жылы туған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
“Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жігіттерді әскери есепке алу, олардың санын, әскери кызметке дайындық дәрежесін, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен физикалық жағынан дайындық деңгейін анықтау үшін:
Тармақ 1
1. Облыстық, Степногорск қалалық және аудандық комиссариаттар 1999 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1982 жылы туған жігіттерді, сондай-ақ бұрын тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркесін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы мен облыс аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеу үшін шақыру учаскелері мен комиссияларын құрсын, жоғарыда аталған Заңның 35-бабының талаптарына сәйкес олардың қызметін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттармен бірлесіп 1999 жылғы 1 қаңтарға дейін бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан тіркеу столдарында, тұрғын үй-пайдалану мекемелерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында әскер қатарына шакырылушылардың алғашқы есепке алынуын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1998 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында ауруларды анықтау және оларды дер кезінде емдеу мақсатында 15-16 жастағы жігіттерді тереңдетілген медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы шақыру учаскелерінде тәртіпті қамтамасыз ету және тіркеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіру бойынша әскери комиссариаттармен бірлесіп әрекет етуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстың әскери комиссарына жүктелсін.