Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 960 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1983-1992 жылдары туылған азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссияның төмендегі құрамы құрылсын:
Құмарғалиев
Руслан Шораұлы
-
"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);
Бақтыбаев
Есболат Шаймұратұлы
-
"Сарқан ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі жалпы бөлімінің
бас маманы, төраға орынбасары;
Әбілқасым Елесұлы
-
Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары – комиссия
мүшесі (келісім бойынша);
Шылғаубаев
Алтай Қанийұлы
-
"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының дәрігер - хирургі,
комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Дидар Нұртөлеуұлы
"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің әскери қызметкерлерді
келісім шарт бойынша және шақыру
бөлімшесінің бастығы, комиссия
мүшесі (келісім бойынша);
Байғошанова
Қатшан Болысбекқызы
-
"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі- комиссияның
хатшысы(келісім бойынша)
Тармақ 3
3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (М.Долаева) келесі талаптарды орындау ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру басталғанша әскерге шақырылушыларды әскери құжатқа белгі соғу үшін қан тобы және резусының анықтамасымен, қан, зәр тексерулерімен, кеуде куысының суретімен, иммундық тапшылық вирусын тексеру анықтамасымен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру аяқталғанша әскерге шақырылушылар емделінсін, осы мерзімге дейін амбулаторлық емделуде болғандардың жеке карталарын (Ф-025-У үлгісі) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге егілудің алынған түрлерін көрсетіп, жүйке ауруына, туберкулезге, тері-венерологиялық ауруларға, жұқпалы ауруларға, нашақорлыққа шалдыққандардың тізімін тапсыру.
Тармақ 4
4. "Сарқан аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Э.Иманғалиева) әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 5
5. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Абдірахмановқа:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылар мен шығарып салушылар арасында тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын;
Тармақша 2
2) әскери қызметтен бас тартқандарды іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін жұмылдыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.