Құжат мәтініне өту

Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қаулы · № 164 · қабылданған 03.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.05.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1983-1992-2010-ekb-54598/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 164 ·03.08.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

ҚАЗИндер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 164 · қабылданған 03.08.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Атауы (қаз.)
Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
164
Қабылданған күні
03.08.2010
Көрсетілген редакция
17.05.2011 · қолданыстағы 54598_171991.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
17.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TF000106
ЭКБ идентификаторы
54598
Редакция идентификаторы
54598_171991
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:37

0 Индер ауданы аумағында тұратын 1983-1992 жылдары туылған ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссиясының құрамы бекітілсін (1 қосымша).

3 3. 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін (2 қосымша).

4 4. Аудандық ауруханаға (А. Доспаева) (келісім бойынша):

1 1) әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын медициналық куәландыру, дәрігерлік комиссияны қажетті маман медбикелермен толықтыру;

2 2) шақыру комиссиясы уақытында емделуге жіберілген азаматтардың аудандық ауруханада дер кезінде емделіп, сауықтырылуын қамтамасыз ету;

3 3) шақыруға жататын азаматтарды уақытында сапалы флюорографиялық тексеру және жалпы анализдерін, қан құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу тапсырылсын.

5 5. Округтер әкімдеріне шақырылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалтарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкері арқылы шығаруды қамтамасыз ету тапсырылсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Шалхаров) 2010 жылғы сәуір–маусым және қазан–желтоқсан шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).

7 7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Г. Сүйеуова) мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін сәуір–маусым және қазан–желтоқсан шақыру айларында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.

8

8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Б. Сұлтанов) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкерлермен келісім–шарт жасап, 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудан әкімінің аппаратына хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).

9

9. Аудандық қаржы бөліміне (Г. Қонасова) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне қажетті дәрі-дәрмектерге, медициналық құрал-жабдықтарға, іс–қағаздарына, тазалық жұмыстарына және шақырылушыларды тасымалдау үшін қаржы аудару тапсырылсын.

10 10. Осы қаулы Әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынылсын.

11 11. Осы қаулының орындалысын бақылауда ұстау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.

12 12. Осы қаулы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Индер аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы Б. Сұлтанов.
3.08.2010 ж.
Аудандық аурухананың
бас дәрігері А. Доспаева
3.08.2010 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы А. Шалхаров
3.08.2010 ж.
Аудандық қаржы бөлімінің
бастығы Г. Қонасова
3.08.2010 ж.

16 Аудан әкімдігінің

2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 164 қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Сұлтанов Берік Сұлтанұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Шакимов Берік Жеңісұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы,
төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Бигамбаев Ерлан Валерьевич - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет
бабындағы орынбасары (келісім бойынша);
Қаражанова Күляш Құбайдоллақызы - аудандық аурухананың бас дәрігерінің
орынбасары, дәрігерлік комиссияның төрайымы
(келісім бойынша);
Гилманова Роза Кәрімқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

17 Аудан әкімінің

2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 164 қаулысына 2 қосымша
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді
әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін
дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы:
Дәрігерлік комиссияның төрайымы – Қаражанова Күләш Құбайдоллақызы.

1 1. Дерматолог    - Қаражанова Күләш

2 2. Кардиолог     - Тұнғатарова Айман

3 3. Медбике       - Мұқаналиева Жаңылсын

4 4. Медбике       - Имангазиева Марал

5 5. Медбике       - Ысқақова Дариға

6 6. Невропатолог  - Ермекқалиева Айжан

7 7. Нарколог      - Бакенова Ханбибі

8 8. Окулист       - Құсайынова Анар

9 9. Отоларинголог - Аманова Таған

10 10. Психиатр     - Бакенова Ханбибі

11 11. Рентгенолог  - Кетебаев Сапарғали

12 12. Стоматолог   - Жасақбаева Тамара

13 13. Терапевт     - Ескалиева Жанар, Таудаев Қайыржан

14 14. Фтизиатр     - Кетебаев Сапаргали

15 15. Хирург       - Дүйсенбаев Нұрбек, Сапиев Қаршыға