О приписке граждан 1983 года рождения к призывным участкам военных комиссариатов области в 2000 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы 1983 жылы туған азаматтарды облыс әскери комиссариаттарының шақыру қостарына тіркеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. "Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Заңының 12, 28 және 35 баптарын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстық, қалалық және аудандық әскери-комиссариаттарының күшімен 1983 жылы туған сондай-ақ әртүрлі себептерге байланысты бұрын тіркелуден өткізілмеген ересек жастағы азаматтарды әскери комиссариаттардың шақыру қостарына тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері әскери комисариаттарды осы жұмысқа ыңғайластырып жабдықталған шақыру қостарымен, дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автокөлікпен қамтамасыз етсін, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырсын және азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті мөлшерде медициналық және техникалық кызметкерлер, кызметшілер, сондай-ақ емдеу-сауықтыру мекемелерінде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар бөлсін. Тіркеуге байланысты шараларды жүзеге асыру шығындары жергілікті бюджет қаржысы есебінен атқарылсын.
Тармақ 3
3. Тіркеуді жүргізу үшін Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында мына құрамда комиссиялар құрылсын: Комиссия төрағасы - аудан (кала) әкімінің орынбасары. Комиссия - төрағасының орынбасары-аудан (кала) әскери комиссары. Комиссия мүшелері: Азаматтардың денсаулығын медициналық куәландыруға қатысатын дәрігерлер. Аудандық (қалалық) әскери комиссариат өкілі. Комиссия хатшысы.
Тармақ 4
4. Тіркеу жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарында «Жалпыға бірдей әскері Міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, «Қазақстан Республикасы территориясында азаматтарды шақыру пункттеріне тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072 қаулысын, Қорғаныс Министрінің 1987 жылғы 26 қыркуйектегі № 280, 1993 жылғы 13 қарашадағы № 214, 1995 жылғы 28 наурыздағы № 61 бұйрықтарын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының 1999 жылғы 12 қарашадағы № 13-3/3/2370 дерективаларын қатаң басшылыққа алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Алдашев Ж. Е.) тіркеу жөніндегі комиссиядан өткен кезде денсаулығын түзеуге тиіс деп табылған барлық шақырылушыларды емдеу мекемелеріне бекітсін және олардың емделу барысын үнемі бақылап тұрсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (А. А. Құдайбергенов) тіркеу жөніндегі комиссияны өткен кезде орта білімі жоқ екендігі анықталған шақырылушыларды оқыту үшін мектептерге (күндізге, кешкі) бекітсін және олардың сабақтарға қатысуын, үлгерімін қатаң бақылауға алсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Ісімов) тіркеу жөніндегі комиссия жұмыс істеген кезде әскери комиссариаттардың шақыру қостарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. 2000 жылы 1983 жылы туған азаматтарды әскери комиссариатардың шақыру қостарына тіркеуге даярлауды және тіркеуді өткізу жөніндегі қоса тіркелген шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 9
9. Облыстық әскери комиссар (К. А. Сәтенов) облыс Әкіміне осы шешімнің орындалуы жөнінде 2000 жылдың 25 сәуіріне дейін анықтама-баяндама тапсырсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 11
Облыс Әкімінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 217 шешімімен БЕКIТIЛДI 1983 жылы туған азаматтарды 2000 жылы облыс әскери комисариаттарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және дайындау жөніндегі шаралар жоспары № ӨТ­КІ­ЗІ­ЛЕ­ТІН ША­РА­ЛАР ОРЫН­ДАУ МЕР­ЗІ­МІ ОРЫН­ДА­У­ШЫ­ЛАР 1 2 3 4 5 1. Тір­кеу жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды өт­кізу­ге қа­ты­сты­ры­ла­тын адам­дар­мен ке­ңе­стер тә­жі­ри­бе ал­ма­су өт­кі­зу 1982 жы­лы ту­ған жастар­дың тір­кеу қор­тындыс­ын өт­кі­зу. қаң­тар Ақ­тө­бе қа­ла­сы және аудан­дар­дың Әкім­де­рі, әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар. 2, Ем­деу ме­ке­ме­ле­рі­нің әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар­ға әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­дың ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­рын мер­зі­мін­де жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету, олар­дың са­па­лы және то­лық жа­сақ­та­луы­на на­зар ауда­ру. жел­ток­сан Ден­са­улық сақ­тау орын­да­ры, әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар 3. Оқу орын­да­ры, ұй­ым­дар, кә­сі­по­рын­дар ұй­ым­дық ша­ру­а­шы­лық­тар әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­дың мо­раль­дық-іс­кер­лік қа­си­ет­те­рін, тұр­мыста және қо­ғам­дық орын­дар­да­ғы мі­нез-құл­қын жан-жақ­ты си­па­тай­тын мі­нез­де­ме­лер­ді, бас­қа­да олар­дың әле­умет­тік, от­ба­сы­лық жағ­дай­ла­рын, бі­лім дә­ре­же­сін си­па­тай­тын құ­жат­тар­ды ко­мис­са­ри­ат­қа та­быс ет­сін. қан­тар-на­урыз Бі­лім бе­ру орын­да­ры, кә­сі­по­рын­дар­мен ұй­ым­дар 4. Тір­кеу жө­нін­де­гі ко­мис­сия жұ­мысы ке­зін­де қо­ғам­дық-тәр­би­е­лік жұ­мыстар жүр­гі­зу және бұл мақ­са­та Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рін, Ауға­ны­стан со­ғы­сы­на қа­ты­су­шы­лар­ды, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі­ні әс­кеі қыз­мет­кер­ле­рін тар­ту. қаң­тар-на­урыз Жәр­дем­де­су қо­ми­те­ті, аудан­дық, қа­ла­лық әс­ке­ри ко­мис­са­рит­тар, әс­ке­ри бө­лім­ше­лер. 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рін­де қыз­мет ету­ге ша­қы­ры­л­ған­ға дей­ін және ша­қы­ры­ла­тын жастар­ды дай­ын­дау ба­ры­сы­на жүй­е­лі ба­қы­лау жа­са­уды жү­зе­ге асы­ру. тұ­рақ­ты Об­лы­стық Әкім­ші­лік, об­лы­стық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат, қа­ла және аудан­дар әкім­де­рі, қа­ла­лық, аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар "Отан" қа­бір­лет­ті­гі . 6. Ша­қы­ру қо­ста­рын қа­жет­ті ме­ди­ци­на­лық және ша­ру­а­шы­лық мү­лік­пен жаб­дық­тау және көр­не­кі үгіт құ­рал­да­рын жа­ңар­ту. қап­тар - на­урыз Ақ­тө­бе қа­ла­сы жане аудап Әкім­де­рі 7. Аудан­дар­дың аки­мат­тар­дың ша­қы­ру қо­ста­ры­на тір­ке­у­ге дай­ынды­ғын тек­се­ру. ке­лі­сі­л­ген кесте бой­ын­ша Об­лы­стық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат 8. Ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру ке­зін­де ай­ық­тал­ған на­у­қас ша­қы­ру­шы­лар­дың қан­дай ем­деу ме­ке­ме­ле­рін­де тек­се­ру­де өт­кі­зі­ле­т­ін­ді­гін және ем­де­ле­ті­нін анық­тау. 2000 жыл­дың 05.01 дей­і­гі Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы 9. Тір­ке­уді өт­кі­зу үшін же­тіс­пей­тін дә­рі­гер-ма­ман­дар­ды бө­лу ту­ра­лы об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бө­лі­міне тап­сы­рыс бе­ру. 2000 жыл­дың 05.01. дей­ін­гі Әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар 10. Аза­мат­тар­ды әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар­дың учас­ке­ле­ріне тір­кеу жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­ның құ­ра­мы­на тә­жі­ри­бе­лі дә­рі­гер-ма­ман­дар­ды бө­лу. 2000 жыл­дың 10.01 дей­ін Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы 11. Бар­лық жа­сө­спі­рім­дер ка­бі­лет­те­рін дә­рі­гер-ма­ман­дар­мен қам­та­ма­сыз ету және олар­дың ма­ман­дан­ды­ры­лу­дан өт­кі­зі­лу­ін кам­та­ма­сыз ету. тір­кеу ке­зін­де Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы