О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1983 года рождения к призывным участкам Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1983 жылы туған азаматтарын Қостанай облысының шақыру учаскілеріне тіркеуді жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1983 жылы туған азаматтарын 2000 жылдың 6 қаңтарынан 29 наурызына дейінгі кезеңде облыстың аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері:
- қосымшаға сәйкес тіркеу жөнінде комиссия құрсын, қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер, медбибілер, техникалық қызметкерлер қызмет көрсетуші кісілер мен көлік бөлсін;
- азаматгарды тіркеу жөніндегі жұмысты жүргізу үшін әскери комиссариаттарды талапқа сай орындармен қамтамасыз етсін;
- 1983 жылы туған жігіттерді шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуді қарастырылған ассигнованиелер көлемінде қалалар мен аудандар бюджеттері есебінен жүзеге асырсын;
- шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізу үшін жас жігіттердің аудандық, қалалық әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келулері жөнінен шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М.Ғалымжанов), облыстық әскери комиссариатпен (И.Е.Лосев) бірлесе отырып облыстық емдеу мекемелерінің маман-дәрігерлерін комиссияда жұмыс істеуге тарту тәртібін анықтасын, тіркеу жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялар облыстық емдеу мекемелеріне жіберген азаматгарды алғашқы кезекте тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары, меншік нысанына қарамастан, тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатыстырылатын азаматтардың, сондай-ақ тіркеуге жатқызылған жас жігіттердің тұрақты жұмыс орындарындағы орташа еңбекақылары сақталатынын еске алсын. Азаматтар шақырылушыларды әскери есепке қою кезіндегі міндеттерін орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (С.Ж. Жорабеков) шақыру учаскелеріне тіркеуге тұрудан жалтарып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскілеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғановқа, облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шешімнің орындалуы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2000 жылдың 15 сәуіріне облыс әкімінің аппаратына түсірсін.
Басқа 8. 1983 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың құрамы
Облыс әкімінің
1999 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 шешіміне қосымша
1983 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың құрамы
Комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының - қалалық (аудандық) әскери комиссар орынбасары
Комиссия мүшелері:
- медициналық куәландыруға қатысушы дәрігерлер
- әскери комиссариаттың өкілі
- комиссия хатшысы