О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1984 года рождения к призывным участкам в 2001 году Қолданыста
Басқа 0
1984 жылғы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылы шақыру учаскелерiне тiркеуден өткiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 12-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 "Қазақстан Республикасы аумағындағы шақыру учаскелерiнде азаматтар тiркеудi жүргiзу туралы" қаулысын орындау үшiн ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (Текеғалиев Н.)2001 жылғы қаңтар мен наурыз бойына 1984 жылғы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген жасы келгендердi шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Қала мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) шақыру учаскелерiне азаматтар тiркеудi жүргiзу үшiн өз шешiмдерiмен комиссиялар құрсын /Қазақстан Республикасының "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы Заңының 12-бабының 5-тармағы және комиссия мүшелерiн тiркеу кезiнде қызмет бабын орындаудан босатсын;
Тармақша 2
2) қала мен аудандардың шақыру пункттерiне азаматтар тiркеудi жүргiзу жөнiндегi шараларды орындау қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың жоспарларына сәйкес қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) Әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша шақыру учаскелерi Үшiн орындар, құралдар мен жабдықтар, сондай-ақ қажеттi мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлер, көлiк құралдарын бөлсiн, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және өарулы күштерi туралы" Заңның 18-бабына және "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес шақыру учаскелерiне азаматтар тiркеудi жүргiзу, сондай-ақ медициналық және техникалық қызметкерлерге, автокөлiкке ақы төлеу жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарды жергiлiктi бюджет есебiнен төлеудi жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) 1984 жылы туған жастарды шақыру учаскелерiне тiркеу қорытындылары 2001 жылдың 5 сәуiрiне дейiн қала және аудан әкiмдерiнiң мәжiлiсiнде қаралып, оларды қарулы күштер қатарына шақыруға дайындау жөнiндегi шараларын жасақтап жүзеге, асырсын.
Тармақ 3
3. Iшкi iстер басқармасы (Қ. Мырзабаев) тiркеу кезiнде шақыру учаскелерiндегi тәртiптi қамтамасыз ету, белгiленген мерзiмде шақыру учаскелерiне келмеген адамдарды шұғыл iздестiру және әскери комиссариаттарға жеткiзу, сондай-ақ азаматтардың тiркеуден жалтару әрекетiнiң алдын алу мәселелерi жөнiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарымен әскери комиссариаттардың өзара бiрлесiп iс-қимыл көрсетуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау басқармасы (Х. Сағын):
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық медициналық комиссияларды жергiлiктi емдеу мекемелерiндегi тиiстi дайындығы бар тәжiрибелi дәрiгерлермен қамтамасыз етудi, сондай-ақ шақыру учаскелерiн қажеттi дәрi-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлiкпен қамтамасыз етудi бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттардың тапсырысы бойынша маман-дәрiгерлер
жетпейтiн аудандарға емдеу мекемелерiнiң дәрiгер-мамандарын жiберсiн;
Тармақша 3
3) Тiркеу барысында анықталған аурулы жастармен емдеу-сауықтыру
жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырсын, ол үшiн емдеу мекемелерiнен қажеттi
төсек-орын, сондай-ақ сырқас шақырылушыларды есепке алу және олармен
сауықтыру шараларын жүргiзуге байланысты жасөспiрiмдер кабинеттерiн бөлсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмi аппаратының
мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiне жүктелсiн.