О внедрении в гражданской авиации Республики Казахстан Всемирной геодезической системы координат - 1984 (WGS-84) Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін - 1984 (WGS-84) енгізу туралы «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) ережелеріне сәйкес азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық авиациядағы аэронавигация мақсаттары үшін көлденең жазықтықта есептеу (геодезиялық) жүйесі ретінде Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін - 1984 (WGS-84) пайдалану, тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде негіз есебінде қабылданған теңіздің орташа деңгейін (MSL) пайдалану болып белгіленсін;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен келісім бойынша: Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4, 11, 14, 15-қосымшаларына сәйкес дәлдікпен және айыру қабілетімен Қазақстан Республикасының әуе трассалары мен әуеайлақтары жөніндегі аэронавигациялық деректерді осы қаулының 1-тармағына сәйкес анықтау мен жариялауды қамтамасыз етсін; осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де іс-шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.