О проведении приписки граждан 1984 года рождения к призывным участкам Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында 1984 жылы туған азаматтарды
шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы аймағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 Қаулысына сәйкестi ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1984 жылы туған азаматтарын учаскелерде тіркеуге шақыру облыстың қалалық және аудандық әскери комиссариаттарында 2001 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) өздерiнiң шешiмдерiмен комиссия құрсын, керектi құрамда дәрiгерлер, медбикелер, техникалық жұмысшылар, уақытша қызметкерлер және автокөлiктер бөлсiн;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттар комиссияны жұмыс жасайтын орындармен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) 1984 жылы туған жастарды тіркеу участоктері орындарында қаражатпен қамтамасыз ету, оларды емдеудiң алдын-алу жұмыстарын қалалық және аудандық бюджетте қаралған көлемiнде жүргiзу;
Тармақша 4
4) жастардың шақыру учаскелеріне ұйымшылдықпен келуiнiң шараларын қалалық, аудандық әскери комиссариаттары жүргiзетiн болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) әскери комиссариаттарға жан-жақты көмектер ұйымдастыру, қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрiгер мамандарды бөлсiн және оларды алғашқы дәрiгерлiк қарау жұмыстарымен қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 4
4. Мекеме, ұйым, кәсiпорын басшылары, олардың меншiк түрлерiне қарамастан учаскелік тіркеуде дәрiгерлiк байқаудан өткен кездерiне тұрақты жұмыс орындарындағы орташа жалақысын сақтайтын болсын. Осы мерзiмдер уақытында әскер қатарына шақырылатындар жұмыстан (оқудан) босатылатын болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық әскери комиссариат, облыстық бiлiм басқармасы:
Тармақша 1
1) әскери-оқу орындарына дайындығы мол денсаулығы жақсы әскерге шақырушылар есебiнен кандидаттарды iрiктеп алу жұмыстарын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) облыс оқу орындарында оқып жүрген 1984 жылы туған жастарды меншiк түрлерiне, бағыныштылығына қарамастан шақыру орындарына уақытылы ұйымшылдықпен жiберiп отырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы жастарды учаскелерде тіркеу барысында олардың денсаулығының нормативтiк талаптарға сай болуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов):
Тармақша 1
1) жастарды тіркеу барысында жергiлiктi органдар iшкi iстер бөлiмдерi әскери комиссариаттарымен бiрлесе шақыру пункттерiнде тәртiптi қамтамасыз етулерi тиiс;
Тармақша 2
2) барлық облыс аумағында тіркеуге шақырушылардың учаскелерге уақтылы келуiн, олардың келмей қалуына жол бермеудi бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. 1984 жылғы туған жастардың шақыру пункттерiне келу кестесi бекiтілсiн (қосымша).
Тармақ 9
9. Облыстық әскери комиссар Г.К. Мұқатаев, Орал қаласы және аудан әкiмдерi, облыстық басқармалардың басшылары 2001 жылдың 15 сәуiрiне мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiне шақыру қорытындылары туралы хабарлама берсiн.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi орынбасарының мiндетiн атқарушы М.И. Құлшарға және облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiне жүктелсiн.
Басқа 19. Облыста 1984 жылы туған азаматтарды
кезектi тіркеу учаскелеріне шақыру
КЕСТЕСI
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 11 қаңтардағы
N 4 шешiмiне қосымша
Облыста 1984 жылы туған азаматтарды
кезектi тіркеу учаскелеріне шақыру
КЕСТЕСI
№№
Қалалық, аудандық әскери комиссариаттар атаулары
Адам саны
Шақыру мерзімдері
1
Ақжайық
509
29.1. – 31.03.
2
Бөрлі
464
5.02. – 31.03.
3
Бөкейордасы
217
22.01. – 26.01.
4
Жаңақала
218
15.02. – 12.02.
5
Жәнібек
215
22.01. – 29.01.
6
Зеленов
550
5.02. – 31.03.
7
Казталов
398
22.01. – 31.03.
8
Қаратөбе
249
15.01. – 31.03.
9
Сырым
304
10.01. – 31.03.
10
Теректі
437
7.01. – 31.03.
11
Тасқала
237
29.01. – 9.02.
12
Шыңғырлау
210
15.01. – 30.03
13
Орал қаласы
1852
15.01. – 31.03