О проведении приписки граждан 1985 года рождения к призывным участкам в 2002 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1985 жылы туған азаматтарды 2002 жылы шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2002 жылғы 27 ақпандағы N 1205 шешімімен. "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 35 баптарына , "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 Қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық әскери комиссариаттар 2002 жылғы қаңтар-наурыз айларында тiреу жылында 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi әскери комиссариаттардың қарамағына медициналық куәландыру, келген шақырушыларды, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлердi орналастыру үшiн үйлер және шақырылушыларды құлақтандыру, жеткiзу, олардың тұрғылықты жерлерiн анықтау үшiн автокөлiк беру мәселесiн шешсiн. 1985 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеуге дер кезiнде және сапалы дайындалу үшiн аудандық және қалалық әскери комиссариаттарды қаржыландыру уақтылы жүргiзiлсiн. Тiркеудi жүргiзу барысында тәрбие және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Оқу орындарының, ұйымдар мен облыстың басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары 1985 жылы туған азаматтардың үлкендердiң ерiп жүруiмен тiркеуге ұйымшылдықпен және дер кезiнде келулерiн, жастарды шақыруға даярлау, науқас шақырылушыларды емдеу үшiн бақылауды күшейтудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Маман дәрiгердiң, орта буында медицина қызметкерлерiнiң, техникалық қызметкерлердiң, қамтушы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және iссапарлық шығындарды төлеу, тiркеудi жүргiзу кезiнде шақырылушыларды тiркеу учаскелерiне жеткiзу жөнiндегi көлiк шығындарын өтеу жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен жүргiзiлсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андағұлов Қ.Б.):
Тармақша 1
1) Әскери комиссариаттардың медициналық комиссияларын бiлiктi маман дәрiгерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы N 61 бұйрығының талаптарына сәйкес қажеттi жабдықтармен, құрал-саймандармен және медикаменттермен толықтырылсын. Облыстық медициналық бiрлестiктiң жанында облыстық әскери комиссариаттың тұрақты жұмыс iстейтiн медициналық комиссиясын сақтасын;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариат жанындағы облыстық тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссияға рентген жабдықтарын орталықтан алу шығындары көзделсін;
Тармақша 3
3) облыстың емдеу мекемелерiнде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн қажеттi мөлшерде төсектер бөлiнсiн. Әскери комиссариаттың жолдауы бойынша емдеу үшiн шақырушылардан ақша алынбасын. Стационарлық жағдайда шақырылушыларды емдеуге және зерттеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде ұсынылған реестрлер бойынша жүргiзiлсiн;
Тармақша 4
4) 2002 жылы тіркелуге жататын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелері белгіленсін;
Тармақша 5
5) облыстық әскери комиссариатпен бірге азаматтарды әскери қызметін даярлауды медициналық қамтамасыз ету жоспары, сондай-ақ шақырылуға дейінгі және шақырылатын жастарды сауықтыру бағдарламасы жасалсын, жергілікті жерлерде медициналық көмек көрсету мен зерттеу көлемі анықталсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім департаменті (Ферхо С.И.), облыстық әскери комиссар (Мұқашев К.М.) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу және білім дәрежесін, дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құрсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) облыстық медицина комиссиясын облыстық әскери комиссариат пен облыстық медициналық бірлестік арасындағы шарт негізінде облыстың 2002 жылға арналған бюджетте белгіленген және бөлінген қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер бас басқармасы (Күнғожинов С.Т.) тіркеу кезінде жергілікті ішкі істер органдарының әскери комиссариаттармен бірге тіркеуден жалтарушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскелерінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде өзара ынтымақтаса қимылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары А.Қ.Қажыбаевқа жүктелсін.