О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1985 года рождения к призывным участкам в 2002 году Күшін жойған
Басқа 0
1985 жылғы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылы шақыру участкелерінде тіркеуден өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 12-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 P931072 "Қазақстан Республикасы аумағындағы шақыру учаскелерiнде азаматтар тiркеудi жүргiзу туралы" қаулысын орындауда ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (Текеғалиев Н.) 2002 жылғы қаңтар мен наурыз iшiнде 1985 жылғы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген жасы келгендердi шақыру учаскелерiнде тiркеудi жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Қала мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) шақыру учаскелерiнде азаматтар тiркеудi жүргiзу үшiн өз шешiмдерiмен комиссиялар құрсын (Қазақстан Республикасының "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 12-бабының 5-тармағы) және комиссия мүшелерiн тiркеу кезiнде қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатсын;
Тармақша 2
2) қала мен аудандардың шақыру пункттерiнде азаматтар тiркеудi жүргiзу жөнiндегi шаралардың орындалуын қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың жоспарларына сәйкес қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша шақыру учаскелерi үшiн орындар, құралдар мен жабдықтар, сондай-ақ қажеттi мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлер, көлiк құралдарын бөлсiн ("Қазақстан Республикасының қорғанысы және қарулы күштерi туралы" Заңның 18-бабына және "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес) шақыру учаскелерiнде азаматтар тiркеудi жүргiзу, сондай-ақ медициналық және техникалық қызметкерлерге, автокөлiкке ақы төлеу жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарды жергiлiктi бюджет есебiнен төлеудi жүзеге асырсын.
Тармақша 4
4) 1985 жылы туған жастарды шақыру учаскелерiнде тiркеу қорытындылары 2002 жылдың 5 сәуiрiне дейiн қала және аудан әкiмият мәжiлiстерiнде қаралып, оларды қарулы Күштер қатарына шақыруға дайындау шараларын әзiрлеп жүзеге, асырсын.
Тармақ 3
3. Iшкi iстер басқармасы (Т. Рахымжанов) тiркеу кезiнде шақыру учаскелерiндегi тәртiптi қамтамасыз ету, белгiленген мерзiмде шақыру учаскелерiне келмеген адамдарды шұғыл iздестiру және әскери комиссариаттарға жеткiзу, сондай-ақ азаматтардың тiркеуден жалтару әрекетiнiң алдын-алу мәселелерi жөнiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарымен әскери комиссариаттардың өзара iс-қимылын көрсетуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау басқармасы (Қ. Нұрғазиев):
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық медициналық комиссияларды жергiлiктi емдеу мекемелерiндегi тиiстi дайындығы бар тәжiрибелi дәрiгерлермен жиынтықталуын, сондай-ақ шақыру учаскелерiн қажеттi дәрi-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлiкпен қамтамасыз етудi бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттардың тапсырысы бойынша маман-дәрiгерлер
жетпейтiн аудандарға емдеу мекемелерiнiң дәрiгер-мамандарын жiберсiн;
Тармақша 3
3) тiркеу барысында анықталған сырқат жастармен емдеу-сауықтыру
жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырсын, ол үшiн емдеу мекемелерiнен қажеттi
төсек-орын, сондай-ақ сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен
сауықтыру шараларын жүргiзуге байланысты жасөспiрiмдер кабинеттерiн бөлсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмi аппараты
мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмыстары бөлiмiне жүктелсiн
(Ә. Жарылғасов).