О проведении приписки граждан 1985 года рождении к призывным участкам Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1985 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру участкелерінің тізіміне алу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және денсаулық деңгейін анықтау мақсаттарында облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттарына 2002 жылдың қаңтар - наурыз айларында облыс аумағында 1985 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру участкелерінің тізіміне алуды өткізу, сонымен қатар, оны бұрын өтпеген ересек азаматтарды өткізу тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Көкшетау, Степногорск қалаларының және облыстағы аудан әкімдері: азаматтарды әскери тізімге алуды жүргізу үшін шақыру участкелері мен комиссияларын құрсын, Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 35 бабына сәйкес олардың қызметін ұйымдастырсын; 2002 жылдың 31 наурызына дейін барлық мекемелерде, кәсіпорындарында, оқу орындарында, есеп үстелдерінде, олардың меншік түрімен бағыныштылығына қарамастан әскерге шақырылушыларды алғашқы есепке алуда әскери комиссариаттарға көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы әскери комиссариаттарымен бірлесе отырып әскерге шақыру участкелерінде тәртіп сақталуын және әскерге шақырылудан қашушыларды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Сейітжановқа жүктелсін.