О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1985 года рождения к призывным участкам Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1985 туған азаматтарын Қостанай облысының шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 02.12.2002 № 87 шешімімен.
"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12, 35-баптарына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1985 жылы туған азаматтарын 2002 жылдың 3 қаңтарынан 29 наурызына дейінгі кезеңде облыстың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) тipкey жөніндегі комиссияны қосымшаға сәйкес құрсын, дәрігер-мамандардың, медициналық бибілердің, техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші адамдар мен көліктің қажетті мөлшерін бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды тipкey жөніндегі комиссияның жұмысы үшін әскери комиссариаттарды талаптарға сәйкес келетін орындармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 1985 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тipкey жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын, сондай-ақ емдеу алдын-алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету жөніндегі ic-шараларды қаржыландыруды қарастырылған ассигнованиелер шегінде қалалар мен аудандардың бюджеттері есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) жасөспірімдердің шақыру учаскелеріне тіркелуден өтyi үшін аудандық, қалалық әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) облыстық әскери комисариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып облыстың емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тіркеу жөніндегі комиссияларда жұмыс icтey үшін тарту тәртібін белгілесін және тіркеу жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялар облыстық емдеу мекемелеріне жіберген азаматтарды алғашқы кезекте тексеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары тipкey және медициналық, куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, сондай-ақ тіркеуге жатқызылған азаматтардың тұрақты жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысы сақталатының естерінде ұстасын. Азаматтар әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі icтep басқармасы (Н.М. Дейхин) тipкey учаскелеріне тipкeyгe тұрудан бой тасалап жүргендерді іздестіру және тipкеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұргановқа және облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шешімді орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2002 жылғы 15 cәyipгe дейін облыс әкімінің аппаратына берсін.
Тармақ 8
8. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы № 237 "1984 жылы туған азаматтарды Қостанай облысының шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы" шешімнің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 13. 1985 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу
жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2001 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 134 шешіміне
қосымша
1985 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу
жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының - қалалық (аудандық) әскери комиссар орынбасары
Комиссия мушелері
медициналық куәландыруға қатысатын дәрігерлер
әскери комиссариаттың өкілі
комиссия хатшысы