О проведении приписки граждан 1985 года рождения к призывным участкам городских и районных военных комиссариатов Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
1985 жылы туған азаматтарды Қарағанды
облысының қалалық және аудандық әскери
комиссариаттарының шақыру учаскелеріне
тіркеуді өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасының ”Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы” Заңына сәйкес және 1985 жылы туған азаматтарды облыстың қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (М.Е.Дарманқұлов), облыс қалалары мен аудандарының әкімдері 2002 жылғы қаңтар-наурызда 1985 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын.
Ол үшін:
Тармақша 1.1
1.1. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері:
- 1985 жылы туған азаматтарды қала (аудан) әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын. Комиссия төрағасы етіп әкімнің азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарын тағайындасын;
- әскеркоматтардың шақыру участкелерін мекен-жаймен, коммуналдық-тұрмыстық қызметтермен (жарықпен, сумен, жылумен, тазалаумен және басқалармен), жиһазбен, кеңселік керек-жарақпен, байланыс құралдарымен және кезекші автокөлікпен қамтамасыз етсін;
- медициналық және техникалық қызметшілер мен қызмет көрсететін құрамның қажетті мөлшерін бөлсін, сондай-ақ тіркеуге жататын және шалгай жерлерде тұратын азаматтарды тұрғылықты жерлерінен шақыру учаскелеріне әкелу мен кері қарай апаруды ұйымдастырсын;
- қалалық, аудандық әскеркоматтарына көмек көрсету мақсатымен, қажетіне қарай, қалалар мен аудандар прокурорларымен келісім бойынша, тіркеу комиссиялары жанында құрамында: әскеркомат, жергілікті ішкі істер органы мен туризм және спорт жөніндегі комитет қызметкерлері бар, тіркеуден бұлтаратын адамдарды іздестіру жөніндегі оперативті топтар құрсын;
- тіркеу аяқталысымен кеңесте оның қорытындыларын және 2002 жылы қатардағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелерін қарасын.
Тармақша 1.2
1.2. Қарағанды облыстық әскери комиссариаты (М.Е.Дарманқұлов) 1985 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты облыс әкіміне 2002 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
Тармақша 1.3
1.3. Дәрі-дәрмектерді, аспаптар мен басқа да медициналық мүлікті сатып алу және сырқат жасөспірімдерді қарауды, тексеруді және емдеуді өткізу жөніндегі медициналық қызметтердің бүкіл жиынтығын “Мемлекеттік сатып алу туралы” ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің орынбасары (Е.Л.Тоғжанов) 2002 жылғы қаңтар айында қалалық және аудандық әскери комиссарларды, тіркеу жөніндегі комиссиялар төрағаларын, ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының, туризм және спорт жөніндегі комитет басшыларын және басқа мүдделі адамдарды шақыра отырып азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) облыстың әскери комиссариаттарымен бірлесе отырып, шарт негізінде тіркеуді қамтамасыз ететін шаралар жүргізсін.
Тармақ 4
4. Ішкі істер Бас басқармасы (В.Н.Курбатов) ”Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы” ҚР Заңының 28-бабына сәйкес әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіруді, әкеліп жеткізуді және, қажет болған кезде, ұстауды жүргізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (С.Н.Нүгербеков) ”Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы” ҚР Заңының 35-бабына және ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы N 560-30с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы Ережеге сәйкес, “Әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі шаралар” бағдарламасы бойынша бюджетте қарастырылған қаржылар шегінде, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.