О проведении приписки граждан 1986 года рождения к призывным участкам в 2003 году Күшін жойған
Басқа 0
1986 жылы туған азаматтарды 2003 жылы шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 55 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 29-бабы 1-тармағының11) тармақшасына, сондай-ақ "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 9000 Қазақстан Республикасы Заңының12 және 35 баптарына , "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық әскери комиссариаттар 2003 жылғы қаңтар-наурыз айларында тiркеу жылында 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi әскери комиссариаттардың қарамағына медициналық куәландыру, келген шақырушыларды, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлердi орналастыру үшiн үйлер және шақырылушыларды құлақтандыру, жеткiзу, олардың тұрғылықты жерлерiн анықтау үшiн авток өлiк беру мәселесiн шешсiн.
1986 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеуге дер кезiнде және сапалы дайындалу үшiн аудандық және қалалық әскери комиссариаттарды қаржыландыру уақтылы жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстыңоқу орындарының, ұйымдарының және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің барлық басшылары 1986 жылы туған азаматтардың үлкендердіңертіп жүруімен тіркеуге ұйымшылдықпен және дер кезінде келулерін, жастарды шақыруға даярлауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Маман дәрiгерлердiң, орта буындағы медицина қызметкерлерiнiң, техникалық қызметкерлерінiң, қамтушы қызметкерлердiңеңбегiне ақы және iссапар шығыстарын төлеу, тiркеудi жүргiзу кезiнде шақырылушыларды iздестiру және тiркеу учаскелерiне жеткiзу жөнiндегi көлiк шығындарын өтеу жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен жүргiзiлсiн. Тіркеуді жүргізу барысында тәрбие және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Андағұлов Қ.Б.):
Тармақша 1
1) әскери комиссариаттардың медициналық комиссияларын бiлiктi маман дәрiгерлермен, орта буындағы медициналық қызметкерлермен, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі медициналық куәландыру туралы Ережені қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы 28 наурыздағы N 61 бұйрығының талаптарына сәйкес қажеттi жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі-дәрмекпен жасақтасын;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариат жанындағы облыстық тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссияға рентген жабдықтарын орталықтан алу шығындарын көздесін;
Тармақша 3
3) облыстың емдеу мекемелерiнде әскерге шақырылуға дейінгілерді клиникалық тексеру және емдеу үшiн қажеттi мөлшерде төсек-орын бөлсiн. Әскери комиссариаттардың жолдауы бойынша емдеу үшiн әскерге шақырылуға дейінгілерден ақы алуды алып тастасын. Стационарлық жағдайларда әскерге шақырылуға дейінгілерді емдеуге және тексеруге жұмсалған шығыстардың Қтемақысын мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде ұсынылған тізілімдер бойынша жүргiзсiн;
Тармақша 4
4) 2003 жылы тiркелуге жататын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру және емдеу жүргiзiлетiн емдеу мекемелерiн белгiлесiн;
Тармақша 5
5) облыстық әскери комиссармен бiрге азаматтарды әскери қызметке даярлауды медициналық қамтамасыз етудiңжоспарын, сондай-ақ жергілікті жерлерде медициналық кҚмек және тексеру көлемiн белгiлеп, шақырылуға тиiстi және шақырылушы жастарды сауықтыру бағдарламасын жасасын.
Тармақ 6
6. Облыстық бiлiм департаментi (Ферхо С.И.), облыстық әскери комиссар (Мұқашев К.М.) әскери оқу орындарына кандидаттарды iрiктеу және бiлiм дәрежесін, дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құрсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) облыстық медицина комиссиясын облыстық әскери комиссариат пен облыстық медициналық бiрлестiк арасындағы шарт негiзiнде облыстың 2003 жылға арналған бюджетінде белгіленген және бөлінген қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстыңішкі істер бас басқармасы (Күнғожинов С.Т.) тiркеу кезiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарыныңәскери комиссариаттармен бірге тіркеуден жалтарушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскелерінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде өзара ынтымақтаса қимылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiңорындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiңорынбасары Н.С.Омаровқа жүктелсiн.
Тармақ 10
10. "1985 жылы туған азаматтарды 2002 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы" облыс әкімінің2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1440 шешімінің күші жойылды деп танылсын.