О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1986 года рождения к призывным участкам в 2003 году Қолданыста
Басқа 0
1986 жылғы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылы шақыру учаскелерінде тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы №9000 "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072 "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" қаулысын орындауда ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (келісім бойынша) 2003 жылғы қаңтар мен наурыз ішінде 1986 жылғы туған, қала мен облыс аудандарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы келгендерді шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастырып, жүргізсін.
Тармақ 2
2. қала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру учаскелерінде азаматтар тіркеуді жүргізу үшін өз шешімдерімен комиссиялар құрсын және комиссия мүшелерін тіркеу кезінде қызметтік міндеттерін орындаудан босатсын;
Тармақша 2
2) қала мен аудандардың шақыру учаскелерінде азаматтар тіркеуді жүргізу жөніндегі шаралардың орындалуын қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың жоспарларына сәйкес қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша шақыру учаскелеріне орындар, құралдар мен жабдықтар, сондай-ақ медициналық және техникалық қызметкерлер мен көлік құралдарының қажетті санын бөлсін. Шақыру учаскелерінде азаматтар тіркеуді жүргізу жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарды, сондай-ақ медициналық және техникалық қызметкерлерге, автокөлікке ақы төлеуді жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) 1986 жылғы туған жастарды шақыру учаскелерінде тіркеу қорытындылары 2003 жылдың 4 сәуіріне дейін қала мен аудан әкімият мәжілістерінде қаралсын. Оларды Қарулы Күштер қатарына шақыруға дайындау жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Атырау облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) тіркеу кезінде шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген тұлғаларды шұғыл іздестіру және әскери комиссариаттарға жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде жергілікті ішкі істер органдарының әскери комиссариаттармен өзара іс-қимылын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық медициналық комиссиялары жергілікті емдеу мекемелеріндегі тиісті дайындығы бар тәжірибелі дәрігерлермен жиынтықталуын, сондай-ақ шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттардың тапсырысы бойынша маман-дәрігерлер жетіспейтін аудандарға емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын жіберсін;
Тармақша 3
3) тіркеу барысында анықталған сырқат жастармен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын, ол үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек-орын, сондай-ақ сырқат шақырушыларды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі жасөспірімдер кабинеттерінің жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.