О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1986 года рождения к призывным участкам Костанайской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1986 жылы туған азаматтарын Қостанай облысының шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 10.12.2003 № 44 шешімімен. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 11-тармақшасына және «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12, 35-баптарына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1986 жылы туған азаматтарын 2003 жылдың 6 қаңтарынан 29 наурызына дейінгі кезеңде облыстың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеу жөніндегі комиссияны құрсын, дәрігер-мамандардың, медициналық бибілердің, техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші адамдар мен көліктің қажетті мөлшерін бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы үшін әскери комиссариаттарды талаптарға сәйкес келетін орындармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 1986 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын, сондай-ақ емдеу алдын-алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қарастырылған ассигнованиелер шегінде қалалар мен аудандардың бюджеттері есебінен жүзеге асырсын;азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы, үшін әскери комиссариаттарды тараптарға сәйкес келетін орындармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) жасөспірімдердің шақыру учаскелеріне тіркелуден өтуі үшін ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдасын, қалалық және аудандық комиссариаттардың жанынан шақырылғандарды хабарлар ету және іздестіру топтарын құрсын, оларды көлікпен және ЖЖМ-пен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып облыстың емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тіркеу жөніндегі тіркеу жөніндегі комиссияларда жұмыс істеу үшін тарту тәртібін белгіленсін және тіркеу жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялар жіберген емдеу мекемелеріне жіберген азаматтарды алғашқы кезекте тексеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, сондай-ақ тіркеуге жатқызылған азаматтардың тұрақты жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысы сақталатынын естерінде ұстасын. Азаматтар әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық Ішкі істер басқармасы (Н.М. Дейхин) тіркеу учаскелеріне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүргендерді іздестіру және тіркеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға және облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шешімді орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратта 2003 жылғы 15 сәуірге дейін облыс әкімінің аппаратына берсін.
Тармақ 8
8. Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 14 желтоқсандағы N 134 «1985 жылы туған азаматтарды Қостанай облысының шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.